Спорт • 07 Ақпан, 2021

Футболдан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінде» күміс жүлдегер атанды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінде»  екі ірі жеңіске жетіп, турнирде екінші орнынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболдан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінде» күміс жүлдегер атанды

«Даму Кубогы» халықаралық турнирі Молдова - Қазақтан - 0:5 (0:3) Голдар: Труфанов, 4, 35, 65;  Валгушев, 30; Oматай, 51 06.02.2021. Минск.

«Футбол манежі» Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогының» соңғы ойынында айқын әрі маңызды жеңіске жетті. Жеңісті ойын біздің шабуылшы Ян Труфанов жасаған хет-трикпен есте қалды.

Осы жеңістің арқасында біздің команда турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды. Кирилл Морунов шәкірттері өткен ойында алаң иелері Беларусь құрамасымен кездесіп, басым түскен еді.