Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында орналасқан №3 балалар үйі тәрбиеленушілерінің алдын-ала дене өлшемдерін алып, соған сәйкес 35 балаға жазғы аяқ киім алып берді.
– Бала қуанса – әлем қуанады. Бүлдіршіндердің күлкісінен асқан бақыт жоқ. Бұл қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Ұжыммен бірлесе көптен бері қайырымдылық жасауға ниеттенген болатынбыз. Мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отырмыз. Олардың әрбірінің қоғамда өз орнын тауып, тұлға болып қалыптасып, өмірде өз жолдарын табуына тілектеспіз, – дейді ұйымдастырушылар.