Бұл мәселе індет таралмауына орай құрылған іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың отырысында айтылды. Штаб отырысында жарияланған мәліметтерге сәйкес, облыстағы ірі кәсіпорындарда вакциналау өзге мекеме, басқармалармен салыстырғанда төмен деңгейде жүргізіліп жатыр.

Ал эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы 26 сәуірден бастап «қызыл аймақ» қатарына қосылды. Облыс аумағында індет таралуының өсуіне байланысты бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы 3 мамырдан бастап күшіне енді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін облыста 54 мыңнан астам, ал екінші компонентін – 16 мыңнан астам адам қабылдаған. Штаб отырысына қатысқан ірі компаниялардың өкілдеріне медицина қызметкерлерінің вакциналау үшін өндіріс орындарына баруға дайын екені, еріктілердің тізімін жасап, дәрігерлерді шақырту жайлы ескертілді.
Өңірдегі ірі кәсіпорындарда, атап айтқанда «Қазақстан Алюминий» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы бірнеше ірі кәсіпорынның әрқайсысында кемінде 6-7 мың адам еңбек ететінін ескерсек, ұжымдық қауіпсіздік ұжымдық иммунитетті қалыптастырудан басталатыны түсінікті.
«KAZ Minerals» тобының өкілдері Екібастұздағы Бозшакөл кен орнында індетке қарсы вакцина салу уақыты басталғаны туралы хабарлады. Кәсіпорындағы кезең-кезеңмен вакциналауды Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Екібастұз қаласының емханасы жүргізеді. Бірінші кезеңде «KAZ Minerals Bozshakol»-дің 200 қызметкері мен мердігерін вакциналау жоспарланған. Келесі вакциналаудың уақыты вакциналарды жеткізуге байланысты өтеді.
Ал 2016 жылы жұмысын бастаған Бозшакөл кен орны – халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындардың бірі. Бозшакөл даласы алтын, күміске бай. Жалпы кен өңдеу қуаты жылына 30 млн тонна кенді құрайды. Өндіріс көлемі алғашқы 10 жылда жыл сайын 100 мың тонна мысты және 120 мың унция концентраттағы алтынды құрайды. Кен орнында қанша жұмысшы, қызметкерлер тобы жұмыс жасайтынын да жоғарыдағы мәліметтерден бағамдауға болар.
– Әрине, еліміздегі заңнама талаптарына сәйкес кәсіпорындарда екпе алу ерікті түрде жүргізіледі. Біз ұжымда өздерін және жақындарын қорғауды қолдап, екпе алғысы келетін әріптестеріміздің бар екеніне қуаныштымыз. Басқа да әріптестерімізді осы үрдісті қолдауға шақырамыз. Ұжымдық вакциналау және індетка қарсы басқа да шаралар бұл өндірістегі вахталық әдіс кестелерін қалыпты өмірге оралтуға мүмкіндік береді деп сенеміз, – дейді «KAZ Minerals Management» ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.
Ірі кәсіпорындар үшін еңбек адамының денсаулығын сақтау маңызды. Індет кезіндегі басты шарт – қауіпсіздік. Компания қызметкерлері мен мердігерлердің қауіпсіздігін, денсаулығын сақтауға басымдық беруі керек. Еңбек адамдарын қорғау үшін және жұмыстағы кідірістер қаупін азайту үшін індетке қарсы тестілеу мен оқшаулауды қоса алғанда, кешенді шаралар әлі де қабылдануда.
Енді ұжым қызметкерлері мен жұмысшылары Sputnik V вакцинасының екінші компонентін вахталық қалашықта 21 күннен кейін алады. Вакциналау Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық нормаларына, талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қазір екпе алуға арналған үй-жайлар санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай.
Кен орнындағы вакциналау туралы барлық дерек Денсаулық сақтау министрлігінің электронды базаларына енгізіледі және екінші компонент салынғаннан кейін Бозшакөлдің вакцина алған қызметкерлеріне E-Gov Mobile қосымшасының «Цифрлы құжаттар» бөлімінде үш тілде қолжетімді болады.
Кәсіпорынның Корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаевтың айтуынша, алдағы уақытта вакциналауды тікелей кен орнындағы мердігер ұйымдардың арнайы оқытудан өткен медициналық қызметкерлері жүргізуі мүмкін. «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС қызметкерлері де, мердігерлер де вакцина салдыра алады. Себебі бұл ұжымдық қауіпсіздік үшін маңызды.
Ал қазіргі кезде өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, індет жұқтырушылар көбейген. Өңірімізде осы уақытқа дейін 20 225 адамнан індет жұқтырғаны анықталған.
Ірі өндіріс орындармен қатар, ауыл тұрғындарының да екпе салу мәселесі де ойлантуда. Яғни әр ауданда екпе салу барысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мамыр айының соңына қарай 5-тен 15 мыңға дейін адамға вакциналауға болар еді. Сондықтан облыс әкімдігі тұрғындар арасында дүрбелең туындамас үшін, олар екпені қайдан алатыны туралы ақпараттан хабардар болуы тиіс. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне барлық егу пункттерін аралап, олардың жұмысын үздіксіз бақылайтын тұрақты топтар құруды тапсыруда.
– Вакциналаудың індетпен күресудің жалғыз тиімді әдісі екенін түсінуіміз керек. Қазіргі «қызыл аймақтағы» шектеу шаралары тек ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда ғана алынады, – деді өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов.
Облыс әкімдігі қалалар мен аудандарда екпе егілетін жерлердің тізімін тұрғындарға хабарлап, ақпараттық жұмыстарды жалғастыруда. Қазір 135 егу орны дайындалған. Арнайы орындарға барып екпе жасайтын 37 топ та бар.
Алдағы күндері өңірдегі басқарма ұжымдарында қызметкерлердің тұрақты иммунитетін қалыптастыру үшін 450 мың адамға вакцина салынады. Облыс тұрғындары отандық QazVac вакцинасының бірінші компонентін қабылдай бастады. Екінші компоненті 21 күннен соң салынады.
Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық стационарлардың жүктемесі 30 пайыз немесе 630 төсектік орынды құрайды. Жансақтау бөлімінде 29 науқас бар, оның 11-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бүгінде емханалар жанында 175 мобильді бригада жұмыс істейді. Стационарларда 45 күнге жететін дәрілік заттар қоры бар, ПТР тестілеу жүргізетін 6 зертхана жұмыс жасауда.
Павлодар облысы
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Бүгін, 21:15
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Бүгін, 21:12
Елорда • Бүгін, 21:08
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Бүгін, 21:06
Әлем • Бүгін, 21:03
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Сұхбат • Бүгін, 20:59
Қоғам • Бүгін, 20:58
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Бүгін, 20:56
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 20:46
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:43
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Бүгін, 20:42
Әдебиет • Бүгін, 20:39
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Экология • Бүгін, 20:35
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Бүгін, 20:33
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Бүгін, 20:32
Өнер • Бүгін, 20:31
Өнер • Бүгін, 20:30
Спорт • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:28
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Абай • Бүгін, 20:26
Таным • Бүгін, 20:25
Өнер • Бүгін, 20:23
Мысырда шіркеу өртеніп, 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 19:55
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Ұқсас жаңалықтар