Президент • 02 Қыркүйек, 2021

Саяси жаңғырудың сабақтастығы

174 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тәуелсіздігіміз алғаш жарияланғаннан бастап еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулық қағидалары біздің мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы болып келеді. Осының арқасында егемен еліміз кейінгі 30 жылдағы жаһандық дамуда жоталы жетістіктер мен бедерлі биіктерді тұрақты бағындырып келеді.

Саяси жаңғырудың  сабақтастығы

Дегенмен, жетістікке жету бар да, оны сол деңгейде ұстап тұру бар. Бұл тек билік пен халық арасында сауатты да сындарлы байланыс орната алған қоғамда ғана мүмкін болады. Сондықтан да мемлекет әлеуметпен арадағы диалогты сақтап қана қоймай, өзара сенім деңгейін түсірмей, оны әрі қарай нығайта жетілдіру үшін үнемі қажетті шараларды қабылдап келеді. Оның жарқын бір мысалы – құрылғаннан бері іс-әрекетімен сенім үдесінен шыға білген Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Бүгінгі күні бұл тек консультативті Кеңес ресурсы ғана емес, мол зият­кер­лік мүмкіндігі бар тиімді әрі әлеуетті құрылым.  Мемле­кет бас­шысының алдың­ғы Жолдау­ларын­да айтыл­ған реформаларды нәти­желі де толық­қанды іске асуына тың серпін беретін күшке айналды.

Президент бүгінгі халыққа арна­ған үшінші Жолдауында да елімізд­е жүргізіліп жатқан саяси жаң­ғыру реформаларын жүйелі жалғас­тырудың маңыздылығына ерекше мән берді. Бұл ретте, ел бас­шысының Ұлттық кеңес мін­берінде көтерген бастамалары негі­зінде сәтті іске асқан саяси рефор­малар пакетін атап өтуге болады. Соның нәтижесінде, қоғамда қордаланған көптеген маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-құқықтық мәселелер өз шешімін тапты.

Мысалы, аудандық деңгейдегі қалалар мен ауыл әкімдерін сайлау реформасы соның айқын да жарқын дәлелі бола алады. Еліміздің 14 өңірінде құрылған 1 847 сайлау учаскелерінде өткен аталған сайлауда 2 297 үміткердің ішінен ел тұрғындары 730 жергілікті әкімді сайлап алды. Соның ішінде, олардың 627-сі «Ауыл», «Ақ жол», ХКП, АDAL сынды саяси партиялар ұсынған үміткерлерден таңдалды. Мұның өзі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған рефор­малар­дың саяси партиялар мен азамат­тық қоғам алаңындағы бел­сен­ділікті одан әрі жандан­дыру­ға тың серпін бергенін көр­сетеді. Сондықтан да Пре­зидент бұл бағытта қолға алынған шара­лар­дың дұрыстығына кезекті рет тоқ­талып, 2024 жылы тұрғын­дарға аудан әкімдерін сайлауға мүмкіндік берілетінін атап өтті.

Мұнымен қатар, Мемлекет бас­шы­сы, жергілікті өзін өзі бас­қару­­ды жетілдіру ісінде ауыл­дық жер­лердегі азаматтық баста­ма­лар­ға қолдау көрсетудің маңыз­­ды­лығына назар аударып, грант­тық қаржыландыру жүйесін бейім­деу­дің тиімді тетігін әзірлеуді тап­сыр­ды. Сөз жоқ, аталған шара­лар­дың бар­лығы да саяси сауатты, демо­кра­тия­лық түсінігі пісіп-жетілген, әлеу­­меттік белсенділігі жоғары азамат­тық қоғам құру жолындағы қарым­д­ы қадам деп білемін.

 

Аида Балаева,

Ақпарат және қоғамдық

даму министрі