Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2021

Еліміздің табиғаты мен мәдениеті туралы фильмдер түсіреді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бір топ документалистер еліміздің табиғаты мен мәдениеті туралы фильмдер түсіреді. Жоба мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардан қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің табиғаты мен мәдениеті туралы фильмдер түсіреді

«Зерттелмеген Қазақстан» жобасының мақсаты – елді көрсету. Саяхатшылар Қазақстанның қорық және киелі жерлерін аралап, көрікті жерлерімен танысады. Хронометражы 20 минутты құрайтын 20 серияны түсіру жоспарлануда. Бірақ бір сериясы фестивальге қатысу үшін 40 минуттық болады.

Жоба ішкі нарыққа арналған, бірақ жасаушылар шетелдік арналарға қызығушылық танытатындығын жоққа шығармайды. Сондықтан сериялар қазақ, орысм және ағылшын тілдерінде болады.

Экспедицияға 12 адам қатысады. 10 қыркүйекте олар Шығыс Қазақстанға аттанады.

«Бірінші сюжет Семей ядролық полигоны туралы болмақ. Елбасының ядролық полигонды жабу туралы Жарлығына 30 жыл болатыны белгілі. Біз адамдардың қалай өмір сүргенін еске саламыз», деді Indiga production басшысы Рафаэль Гасанов.

Жұмысқа кіріспес бұрын, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен Халықаралық ұйымдарға қолдау туралы бірқатар хаттар жіберілді. Мысалы, полигон туралы серияны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған. Сондай-ақ жобаны еліміздің жоғары басшылығы, бейінді ведомстволар мен агенттіктердің шенеуніктері, демеушілер қолдап отыр.

Саяхатшылар баратын орындар тізімінде Екібастұз ГРЭС-і, Абылай хан резиденциясы, АЛЖИР лагері, Сайрам қалашығы, Бозжыра шатқалы және т.б. бар.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның табиғатын көрсету ғана емес, сондай-ақ осы фильмдерде жастардың өз жерін бағалап, сүйіп, қорғауы үшін олардың бойында отансүйгіштікті қалыптастыру», деді Рафаэль Гасанов.