Дариға Назарбаева 160 оқушыға домбыра тарту етті. Бұл ісшара Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дегдар» гуманитарлық қорының жаңа қайырымдылық жобасы күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жобаның гуманитарлық мақсаты – домбыра сатып алуға мүмкіндігі жоқ талантты балаларға қазақтың киелі музыкалық аспабын табыстау. Арнайы жасалған 160 домбыра ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге үлестірілді. Сонымен қатар бұл жоба «күй анасы» атанған Дина Нұрпейісованың бай мұрасын дәріптеуді, ұлттық өнердің насихатталуына үлес қосуды көздейді.
«Дегдар» гуманитарлық қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева атап өткендей, домбыра ежелден бері музыкалық мәдениетіміздің басты символы болып келеді.
«Дегдар» гуманитарлық қоры мектептер мен балалар ансамбльдеріне музыкалық аспаптар сыйлайды, соның арқасында домбыра тартып үйренсем деген талай баланың тілегі орындалады. Бұл сыйлығымыз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығымен орайлас келіп отыр. Ол өзінің таланты, музыкаға деген махаббаты мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында «Күй анасы», тұңғыш әйел-композитор атанды. Оның күйлерінде даланың тылсым даусы мен бұлбұл құстың әсем үні бар.
Бар болғаны екі шекті көне аспапта туған жеріміздің сұлулығы мен сырлы сезім тұнып тұр. Қазіргі музыка әлемі өте бай, алуан түрлі. Ал дәстүрлі өнерді таңдаған сіздердің шәкірттеріңіз үшін заманауи компьютерлік технология домбыраның ғажап даусына көлеңке түсіре алмапты. Мен бұған өте қуаныштымын. Ұлттық музыкаға құштар балалар көп болған сайын, ұлтымыздың болашағы жарқын, рухы жоғары болатынына сенеміз.
Құрметті мектеп басшылары және ұстаздар! Мен сіздерге осы аспаптарды сыйға тарта отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде сәттілік пен төзімділік, ізгілік пен мейірім тілеймін! Ал талантты жастарға шығармашылық табыс тілегім келеді. Біз сіздерді еліміздің ең үлкен сахналарынан көретін болайық, деді Дариға Назарбаева өз сөзінде.
Іс-шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өз кезегінде педагогтерге және балалар музыка мектептерінің, ансамбльдердің жетекшілеріне алғысын білдірді:
Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы аясында өткізіліп жатқан көптеген іс-шаралардың арасында «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған жобаның орны бөлек екенін күйшінің шөбересі Төлеген Қуанышев атап өтті.
Ісшара аясында қатысушылар күйші Дина мен Құрманғазының туындылары орындалған концерттік бағдарламаны тамашады. Сахнада «Байжұма», «Саранжап», «Баламишка», «Балбырауын», «Адай», «Науысқы» т.б. күйлер орындалды. Қазақтың күй тартыс өнерін Самвел Азноварян, Мозес Зиборкеде, Сабир Гусейнов, Михаил Абуов шебер көрсете білді. Түрлі ұлттық музыкалық аспаптардың үнін жаңғыртқан «Астана сазы» ансамблінің өнері де көпке ұнады. Белгілі әртістермен бірге сахнада «Үміт», «Шабыт» және «Бурабай» атты балалар ансамбльдері өнер көрсетіп, жаңа музыкалық челлендж бастады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, челлендж аясында әрбір видео Instagram әлеуметтік желісінде #ДинаНурпеисоваФондДегдар хештегімен жарияланып, домбырада ойнаудың онлайн жарысы ретінде ұсынылады. Челлендж өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық өнердің сақталуы мен насихатталуын арттыруға бағытталған. Жаңа музыкалық челлендж Instagram әлеуметтік желісінде 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеді.
Жоба аясында еліміздің түрлі аймақтарында орналасқан оқу орындары қамтылды. Олардың қатарында:
1) Е.Асқаров атындағы жас ақындар мектебі, Петропавловск қаласы;
2) «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, Өскемен қаласы;
3) К.Шакеев атындағы ақындар мектебі, Көкшетау қаласы;
4) «Мәдени-сауық орталығы» КМҚК, Қостанай қаласы;
5) «SOS Балалар ауылы», Нұр-Сұлтан қаласы;
6) «Ер Едіге» жыр мектебі, Актөбе қаласы;
7) «Мақат» өнер мектебі жанындағы балалар оркестрі, Атырау облысы;
8) «Айналайын» балалар үйінің домбырашылар ансамблі, Талдықорған қаласы;
9) Н.Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамтылған балаларға арналған мектеп-интернатының «Нұр-Ата» фольклорлық-этнографиялық мектеп оркестрі, Тараз қаласы;
10) «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты» КММ, Батыс Қазақстан облысы бар.
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар