Әлем • 22 Ақпан, 2022

Украинадағы қазақтар елге жеткізіле ме?

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Донецк және Луганск халық республикаларындағы жағдайдың ушығуына байланысты ведомство қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жолдарын қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украинадағы қазақтар елге жеткізіле ме?

«Біздің Киевтегі елшілік қазір толық жұмыс істейді. Бұл Украинадағы біздің азаматтарымызбен байланысты. Әрине, оларды эвакуациялау жолдары қарастырылады. Сондықтан, қандай да бір соғыс қимылдары болған жағдайда, Қазақстан азаматтары Киевтегі елшілігімізбен шұғыл байланыса алады», деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар Украинада орналасқан.

«Украинада біздің дипломаттар әлі де бар. Соғыс жағдайында біздің ведомство эвакуациялау жоспарларын жүзеге асыратын болады», деп қосты Мұхтар Тілеуберді.

Ол, сондай-ақ, Қазақстанда Донецк және Луганск халық республикаларын тану туралы мәселе көтерілмегенін хабарлады. Қазақстанның түпкілікті ұстанымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қабылданады.