Қаржы • 26 Ақпан, 2022

Ұлттық банк қаржы нарығындағы ахуалды түсіндірді

697 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Ұлттық банк 2022 жылғы қаңтардағы қаржы нарығындағы ахуал туралы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк қаржы нарығындағы ахуалды түсіндірді
  1. Инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылғы қаңтарда инфляция 0,7% (2021 жылғы қаңтарда – 0,6%) болды.

Жылдық инфляция 8,5% (2021 жылғы желтоқсанда – 8,4%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%-ға, ақылы қызметтер – 6,8%-ға көтерілді.

 

 
  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2022 жылғы қаңтарда 2,7%-ға төмендеп, 33,4 млрд АҚШ доллар болды.

Алтын валюта резервтерінің төмендеуі бағалы металл бағасының төмендеуі және опциондық стратегиялар шеңберінде алтынды сату, мемлекеттік борышты төлеу және Ұлттық Банктің интервенциялары есебінен болды. Бұл ретте резервтердің валюталық бөлігі Ұлттық Банктің корреспонденттік шоттарындағы ЕДБ қалдықтарының өсуіне байланысты ұлғайды, бұл алтын бағасының төмендеуін біршама реттеді.

Алдын ала деректер бойынша елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (53,9 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2022 жылғы қаңтарда 87,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2022 жылғы қаңтарда 2,5%-ға тарылып, 10 683,9 млрд теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 0,9%-ға 7 008,0 млрд теңгеге дейін кеңейді.

2022 жылғы қаңтарда ақша массасы 1,0%-ға төмендеп, 29 800,2 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 991,0 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға азайды.

  1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банк 2022 жылғы 24 қаңтарда базалық мөлшерлемені +/- 1,00 п.т пайыздық дәлізімен жылдық 10,25%-ға дейін 0,5п.т көтеру туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы 2022 жылғы қаңтарда пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2022 жылғы қаңтарда TONIA орташа алынған мәні жылдық 10,3% болды (2021 жылғы желтоқсанда – 10,5%).

 
Ақша-кредит саясатының құралдары. 2022 жылғы қаңтардың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 2,6 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 316,8 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 1 135,0 млрд теңге болды.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 17,2%-ға төмендеп, 2022 жылғы қаңтардың соңында 1 740,7 млрд теңге болды.

2022 жылғы қаңтарда жалпы сомасы 965 млрд теңгеге 6 аукцион өткізілді, оның ішінде 825,3 млрд теңге сомасына 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,75%), 98,2 млрд теңге сомасына 3 айлық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,90%), 41,5 млрд теңге сомасына жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,02%).

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2022 жылғы қаңтарда 1 153,4 млрд теңге болды.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2022 жылғы қаңтарда 168,4 млрд теңге сомасына қысқа мерзімді (МЕККАМ), орта мерзімді (МЕОКАМ) және ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. 2022 жылғы қаңтарда барлығы 7 облигация шығарылымы орналастырылды, онда 1 жылдан 15 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,30%-дан 11, 05%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2022 жылғы қаңтарда 0,87%-ға төмендеп, 10 916,1 млрд теңге болды.

2022 жылғы қаңтардың соңында тәуекелсіз кірістілік деңгейі алдыңғы айдың соңына қатысты бүкіл кезеңде өсті. Бұл өсу базалық мөлшерлеменің өсуіне және бейрезиденттердің дамыған елдердің МБҚ-ға жаһандық кетуіне және Қазақстандағы қаңтар айындағы төтенше жағдайға байланысты.

 
  1. Валюта нарығы

2022 жылғы қаңтарда теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 431,82 – 435,13 теңге аралығында өзгерді. 2022 жылғы қаңтардың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,4%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 433,52 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 10 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,6 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 7,4 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 65,8% немесе 4,9 млрд АҚШ долларын құрады (2021 жылғы желтоқсанда – 56,5% немесе 5,9 млрд АҚШ доллары), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының сұранысы немесе ұсынысы арақатынасына әсер етпейді.

2022 жылғы қаңтарда халық нетто-негізде 282,8 млрд теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 42,2%-ға төмендеді (2021 жылғы желтоқсанда – 489,0 млрд теңге), 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (209,3 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 35,1%-ға ұлғайды. Шығыстардың негізгі көлемі 179,0 млрд теңге немесе 63,3% – АҚШ долларын, 80,9 млрд теңге немесе 28,6% – Ресей рублін, 22,6 млрд теңге немесе 8% – еуроны сатып алуға бағытталды. Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 2,1 есе төмендеді (өсу 33,1% ж/ж), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 2,9%-ға өсті (өсу 1,6 есе ж/ж) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 28%-ға төмендеді (төмендеу 7,7% ж/ж).

 
  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 1,1%-ға азайып (жылдық мәнде өсу 18,2% болды), 2022 жылғы қаңтардың соңында 26 809,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 885,1 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 12 924,1 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға төмендеді.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 268,3 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға азайды, шетел валютасында 9 540,9 млрд теңгеге дейін 2,3%-ға азайды. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы қаңтардың соңында 35,6% (2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы қаңтарда 8 942,6 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға артты, шетел валютасында – 4 942,6 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 35,6%-ы) төмендеді.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 325,8 млрд теңгеге дейін 4,4%-ға азайды, шетел валютасында 4 598,3 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 35,6%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,2%-ға азайып, 17 866,6 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 490,6 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 376,0 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы қаңтарда 7,9% (2021 жылғы қаңтарда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,5% (9,4%) болды.

  1. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі іс жүзінде өзгермей, 2022 жылғы қаңтардың соңында 18 502,8 млрд теңгені құрады (жылдық көрсетудегі өсу 26,8%). Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 714,7 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеп, жеке тұлғаларға – 10 788,1 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 705,9 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,5%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 796,9 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 6,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,3%-ға азайды. 2022 жылғы қаңтардың соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды. 

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 15 625,4 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға төмендеп, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 877,4 млрд теңгеге дейін 16,6%-ға ұлғайды

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы қаңтарда 3 581,1 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға төмендеді (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 46,4%-ы).

2022 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0% (2021 жылғы қаңтарда – 11,5%), жеке тұлғаларға – 17,7% болды (18,5%).

  1. Төлем жүйелері

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2022 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 52,5 трлн теңге сомасына 4,2 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда саны бойынша 29,7%-ға, сомасы бойынша – 30,5%-ға азаю байқалады). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 2,9 трлн теңге сомасына 232,5 мың транзакция жүргізілді.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 19 банк және «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 57,9 млн бірлік болды. Оның ішінде 2022 жылғы қаңтарда төлем карточкаларының 47,9%-ы (27,7 млн төлем карточкасы) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2022 жылғы қаңтарда 6,7 трлн теңге сомасына 456,4 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда транзакциялар саны 31,5%-ға, сомасы – 34,4%-ға төмендеді). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 96,1% (438,5 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 80,8% (5,4 трлн теңге) болды.

  1. Зейнетақы жүйесі

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2022 жылғы қаңтарда 32,2 млрд теңгеге немесе 0,2%-ға ұлғайып, 13 102,3 млрд теңге болды.

2022 жылғы қаңтарда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 ақпанда 6 922,2 млрд теңгеге дейін 10,6 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 ақпанда 10,9 млн шот болды.

2022 жылғы қаңтарда зейнетақы төлемдерінің сомасы 113,1 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 38,9%-ы және 22,2%-ы) алады.

  1. IV тоқсандағы кәсіпорындар мониторингі

Кәсіпорындар мониторингінің нәтижесі бойынша дайын өнімге, шикізат пен материалдарға бағаның өсу қарқынының шамалы баяулауы кезінде дайын өнімге сұраныстың ұлғаюына, сондай-ақ активтер мен айналым қаражатының айналымдылығын жеделдетуге негізделген нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келу процесінің жалғасуы байқалады.

Кәсіпорындардың өндірістік қуат жүктемесі бұрынғы деңгейде сақталып, жүктеудің орташа алынған деңгейі 54,2% болды (IIІ тоқсанда – 54,0%). Алайда, өндіріс көлемінің өсу қарқыны баяулады. Диффузиялық индекс (бұдан әрі – ДИ) бұрынғысынша оң аймақта болып, 53,4-тен 50,7-ге дейін өзгерді.

Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс ұлғайып, ДИ 50,6-дан 52,5-ге дейін көтерілді. Көрсеткіштің жақсаруы тауарлар өндірісі (54,1) және қызметтер (50,8) секторларында байқалды.

Жалпы экономика бойынша кәсіпорындардың дайын өніміне бағаның өсу қарқыны біршама баяулап, ДИ 61,5 болды. 2022 жылғы I тоқсанда кәсіпорындар дайын өнім бағасының өсу қарқынының баяулауын күтуде.

2021 жылғы IV тоқсанда сұралған кәсіпорындардың 17,2%-ы кредит алу үшін банкке өтініш беріп, кәсіпорындардың 17,0%-ы кредит алған (немесе кредит алуға өтініш бергендердің 98,8%-ы). Кәсіпорындардың басым көпшілігі (81,1%) айналым қаражатын қаржыландыруға кредит тартты (материалдар, шикізат, жартылай дайын өнімдер және т.б. сатып алу).

Қазақстан экономикасының жай-күйі кәсіпорындардың 35,5%-ы үшін бизнесті жүргізуге әлі де негізгі кедергі болып отыр. Басқа кедергілер: нарықтық бәсекелестік (29,0%), салық ауыртпалығының деңгейі (22,4%), сатып алушыларды іздеу (21,9%). Маңыздылығы бойынша қаржыландыруға қолжетімділік 9-орында (10,9%).

Кәсіпорындардың пікіртерімдерін жиынтық бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатордың (КОИ) серпіні нақты секторда экономикалық белсенділіктің қалпына келуінің жалғасуын көрсетіп отыр. КОИ 100,4-ке дейін аздап ұлғайды. 2022 жылғы I тоқсанда экономикалық белсенділіктің өсуі жалғасады деп күтілуде (күту бойынша КОИ 100,2 болды).