Қоғам • 22 Шілде, 2022

Елімізде марқұмдарды жерлеуге қатысты қағидалар өзгереді

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігі Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде марқұмдарды жерлеуге қатысты қағидалар өзгереді

Марқұмды жерлеуге қатысты тармақ толықтырылды. Енді туыстары зират қорымының әкімшілігіне марқұмға берілген қайтыс болу туралы медициналық куәлікті, не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болғаны туралы хабарламаны ұсына алады.

Есепке алу журналында мынадай мәліметтер енгізіледі:

Марқұмның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні және нөмірі, жақын туыстарының мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы қамтылады.

Құжат АшықНҚА сайтына 4 тамызға дейін орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025