Коронавирус • 03 Тамыз, 2022

9,5 миллионнан аса қазақстандық вакцина салдырды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 556 910 адам, 2 - ші компонентін 9 336 687 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

9,5 миллионнан аса қазақстандық вакцина салдырды

Сонымен қатар 2 тамыздағы мәлімет бойынша «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 234 921 адам, ІІ дозасын 1 187 771 адам салдырды.

Оның ішінде:

І компонентімен жасөспірімдер – 872 092, жүкті әйелдер – 41 447, бала емізетін әйелдер – 145 192.

ІІ компонентімен жасөспірімдер – 854 386, жүкті әйелдер – 39 201, бала емізетін әйелдер – 141 246.