Ведомствоаралық комиссияның деректеріне қарағанда, Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын 1 237 770 тұрғын, кейінгі дозасын 1 194 350 тұрғын салдырған.
Оның ішінде, бірінші компонентімен жасөспірімдердің 873 880-і, жүкті әйелдердің 41 588-і, бала емізетін әйелдердің 145 361-і қамтылды. Екінші компонентін жасөспірімдердің 857 746-сы, жүкті әйелдердің 39 373-і, бала емізетін аналардың 141 677-сі қабылдады.