Ауа райы • 27 Тамыз, 2022

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

«Еліміздің солтүстік, шығыс өңірлеріндегі ауа райын циклон жырасы мен жауын-шашын, найзағай өтетін атмосфералық фронттар айқындайтын болады. Еліміздің қалған аумағында әлі де бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша кей аймақта жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болуы мүмкін.  

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С болады.

Алматы қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел  2-7  м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +26+28°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.