Медицина • 27 Қыркүйек, 2022

Коронавирустан айыққандар саны артты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 937 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы Egemen.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Коронавирустан айыққандар саны артты

Өткен тәулікте елімізде 937 адам коронавирустан жазылып шықты. Атап айтқанда: Астана қаласында - 2, Алматы қаласында - 4, Ақмола облысында - 597, Ақтөбе облысында - 201, Алматы облысында - 1, Жетісу облысында - 4,  Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 19, Қарағанды облысында - 23, Қостанай облысында - 70, Қызылорда облысында - 3, Павлодар облысында - 9 адам. 

Елімізде барлығы 1 378 302 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.