Мемлекеттік аттестаттау денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу жұмыс бағдарламаларына, базалық кәсіптік модулдерді оқытуға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, кадрлық әлеуетке, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелерді анықтады.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері анықталған бұзушылықтар бір жыл ішінде жойылуға тиіс екенін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Қайта аттестаттау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымына бару немесе білім беру қызметіне лицензияны қайтарып алу арқылы бақылау жоспарына енгізу үшін аттестаттаудан өтпеген медициналық колледждердің тізбесін ҚР Білім министрлігіне жібереді», делінген ведомство хабарламасында.