Денсаулық • 03 Қараша, 2023

Ғалымдар кофе ішетін қағаз ыдыстардың қауіпті екенін айтты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да қағаз ыдыспен кофе немесе шай ішкен шығармыз. Ал кейбір адамдар күнін жұмысқа бара жатқанда ыстық сусынсыз елестете алмайды. Неліктен картонға немесе қағаз қорапқа сұйықтық құйсаңыз, ол ылғалданып кетеді де шыныаяқтар қалпын сақтайды? Бұл туралы ойлап көрдіңіз бе? 

Ғалымдар кофе ішетін қағаз ыдыстардың қауіпті екенін айтты

Барлығы қарапайым: қағаз шыныаяқта сұйықтықты ұзағырақ сақтауға мүмкіндік беретін қосымша полиэтилен қорғаныс қабаты бар. Бір топ ғалымдар мұндай ыдыстан ыстық сусындарды ішудің қауіпсіз екенін анықтауға шешім қабылдады.

Зерттеушілер бес түрлі маркадағы қағаз шыныаяқтарға ыстық суды (85-90 градус Цельсий) құйып, қорғаныс қабатынан фторид, хлорид, сульфат және нитрат сияқты иондардың бөлінетінін анықтады.

Тәжірибе барысында 25 000 микрон пластмасса бөлшектері бір стакан ыстық суға (100 миллилитр) 15 минутта түсетіні белгілі болды. Сонымен қатар, ғалымдар ауыр металдар, атап айтқанда палладий, хром, кадмий және гидрофобты жабындарда қолданылатын кейбір қауіпті қосылыстар да шыныаяқтардан ыстық суға түсетініне көз жеткізді.

"Шәй мен кофе сияқты ыстық сусындарды күнделікті тұтыну арқылы микропластиктердің, иондардың және ауыр металдардың тұрақты әсер етуі болашақта адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін", деп ескертеді зерттеушілер.