Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше оқушы негізгі өнім ретінде – туған өлкенің жусанын қолданған.
«Біз үй жағдайында әтір жасау тәсілдерін зерттедік. Алған білімдерімізді практикада қолдану барысында жусанның сан түрін анықтадық. Егер әтірдің негізгі нотасы ретінде гүлдер қолданылса, біз оның орнына қарапайым жусанды таңдадық. Себебі оның тұнбасы тәбетті жақсартады, асқазан-ішек жолдарының қызметін нығайтады, жүйке жүйесін тыныштандырады, түрлі шаншу мен құрысуларды, ауырсынуды басады, тіпті тыныш ұйқыға септігін тигізеді», дейді жоба жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова.
Айта кетсек, хош иісті әтір «Елім-ай» деп аталады екен. Жас өнертапқыштың айтуынша, әтірдің атауы еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншілікпен байланысты. Ол жуырда өткен ғылыми жобалар байқауында өз жұмысын қорғап, «Химия, биология» секциясында жүлделі 3-орын алды.