Қоғам • 02 Сәуір, 2024

Әкімдіктер дауылды ескертулерді елемеді - Экология министрі

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 2 сәуірінде өткен Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 15 наурыздан бері «Қазгидромет» 100-ден астам дауылды ескерту жариялағанын, бірақ әкімдіктер оларды елемегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Әкімдіктер дауылды ескертулерді елемеді - Экология министрі

«Желтоқсан айының өзінде өңірлер бөлінісінде су тасқыны қаупі бар учаскелер айқындалып желтоқсан, ақпан және наурыз айларының басындағы болжамдарда көрсетілді және әкімдіктер мен орталық органдарға жолданды. Алайда әкімдіктер болжамға қажетті деңгейде назар аудармады, осы себепті су тасқыны қаупіне тиісті баға берілмеді және алдын алу шаралары қабылданбады», деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, су тасқыны қатері әлі де бар.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның қар басқан аумағы 27%-ды құрайды. Қазақстанның жазық аумағындағы өзендердің барлық бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі азайды. Ең үлкен су тасқындары Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктерінің өзендерінен өтіп жатыр, бірақ су тасқыны қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Қостанай облысының солтүстік жартысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі және қауіпті белгілерден асуы байқалады», деді Нысанбаев.