Фото: gov.kz
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айжан Есмағамбетова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды», делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ардақ Амангелдіұлы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.