Оқиға • 19 Шілде, 2024

Майқайыңдағы апат: Құтқарушының мәйіті жарты жылдан кейін табылды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында биылғы жылдың қаңтар айының басында автобуспен бірге ескі шахтаның шұңқырына құлап кеткен төрт құтқарушының үшіншісі – 36 жастағы Айдос Шаймерденнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Майқайыңдағы апат: Құтқарушының мәйіті жарты жылдан кейін табылды

Фото: «Майқайың» АҚ

Бұл ақпаратты Айдос Шаймерденовтың әйелі Нұрсұлу Шаймерден растады. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабының Павлодар филиалы құтқарушының мәйіті төтенше жағдайдан алты ай өткен соң, 19 шілде күні таңертең табылғанын хабарлады.

«Құтқарушы Айдос Шаймерденнің мәйіті табылды. Мәйітпен бірге оның төсбелгісін де таптық. Қазір мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Біз оны бүгін, 19 шілдеде сағат 06:15-те алдын ала болжанған жерден тауып, іздестіру жұмыстарын жүргіздік, мәйіт сағат 13:45-те ғана шығарылды», деді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Павлодар филиалы басшысының орынбасары Ерлан Жаркімбеков.

Бұрын хабарланғандай, іздеу шаралары 28 маусымда қайта жанданды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 4 қаңтарында Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында төрт тау-кен құтқарушысы мінген автобус шахтаны тазалау кеңістігіне құлап кеткен болатын. Сол күні екі құтқарушы өлі табылып, жер бетіне шығарылды. Жедел көліктің 55 жастағы жүргізушісі Айып Тілеубергенов пен взвод командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі осы уақытқа дейін жер астында болған.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50