Қоғам • 17 Қыркүйек, 2024

Ұлт бірлігін бекемдеу бастамалары

59 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының мұрындық болуымен «Бірлік пен келісім – Әділетті Қазақстанның басты құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Ұлт бірлігін бекемдеу бастамалары

Сурет: instagram @madeniet__aqparat__ministrligi

Жиынға Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және халықаралық ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың мүшелері қатысты. Конфе­ренция Президенттің биыл­ғы Жолдауында көрсетілген басым бағыттар аясында этносаралық келісім мен ұлт­тық бірлікті нығайтудың заманауи үрдістері мен тәсілдерін талқылаудың ала­ңына айналды.

Келелі отырыста сөз тіз­гінін ҚХА Ғылыми-сарап­шылық кеңесінің төрайымы, Қолданбалы этносаяси зерт­­теулер институты дирек­­торы­ның орынбасары Айгүл Сәдуақасова ұстады. Қазақ­стан халқы ассамблеясы төр­аға­сының орынбасары Марат Әзілханов пен Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова сөз бас­тап, ассамблеяның ұлттық бір­­­лікті қалыптастыру саясатын жүзеге асырудағы рөлі­нің маңызын атап өтті. Сон­дай-ақ олар елдегі этносаралық келісімді сақтауға бағыттал­ған стратегиялық міндеттерді одан әрі жүзеге асыру үшін мем­лекеттік органдардың, этно­мәдени бірлестіктердің және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін алға тартты.

Конференцияда спикер ретінде Парламент Сенаты­ның депутаты Нұрия Ниязова, Мәжі­ліс депутаты Еркін Әбіл, «Қоғамдық келісім» рес­пуб­ликалық мемлекеттік меке­месінің директоры Элина Маса­­гутова, Президент орта­­лығы директорының орын­­басары Ботагөз Каи­пова, Шет тілдері уни­вер­сите­ті жа­нындағы Ханкук Халық­ара­лық аймақтық зерттеулер орта­­лығының (Корея) ғылыми профессоры Янгмин Чю ой-пікі­рін ортаға салды.

Жиын қорытындысы бо­йынша қарар қабылданып, онда қатысушылар алдағы жұмыс­тың бірқатар негізгі бағы­тын белгіледі. Қаулыда этно­­саралық қатынастар сала­сындағы мемлекеттік саясат­ты ілгерілету және ағартушы­лық қызметті жандандыру бо­йын­ша ақ­параттық жұмысты кү­шейту қажеттігі аталып өткен. Сон­дай-ақ мемлекеттік этно­сая­сатты ғылыми және қо­ғамдық қолдауды нығай­ту үшін этномәдени бірлес­тік­тердің мемлекеттік органдар­мен және сарапшылар қа­уымдастығымен өзара іс-қимылын кеңейту барысы бел­­гіленді. Құжатта Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жыл­­дығы қарсаңында этно­саралық қатынастар құралы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиа­ция тәжірибесін кеңінен ен­гізу және басқа елдермен тәжі­рибе алмасу үшін этносаясат саласында халықаралық ынты­мақтастықты жалғасты­ру сияқ­ты маңызды бағыттар атап көрсетілген.