
Фото: polisia.kz
ІІМ мәліметінше, QR-коды бар арнайы карточкаларда туристердің елімізде қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.
Айта кетейік, алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға беріле бастаған.
SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка төмендегідей қызметтерді ұсынады:
- Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасы, оның ішінде «SOS» функциясы;
- Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;
- Танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы;
- Ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі;
- Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме;
- Түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері;
- Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді.
Айта кетейік, жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған.