Қазақстан •

Қазақстан импорттық алмадан бас тартуы мүмкін

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алма импортына уақытша тыйым салу ұсынылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 8 шілдеге дейін жалғасады. Егер құжат қабылданса, шектеу 1 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан импорттық алмадан бас тартуы мүмкін

Фото: azh.kz

Құжатқа сәйкес, шектеуді 2026 жылдың 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында енгізу жоспарланып отыр. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерден де, үшінші мемлекеттерден де автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы әкелінетін алмаларға қатысты болады.

Сонымен қатар бұл тыйым Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстан арқылы өтетін алма жеткізіліміне қолданылмайды.

Елімізге шетелден алма әкелуге уақытша шектеу енгізу ұсынылды

Бұл шара отандық алма өндірушілерді қолдауға және өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шектеу әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдарға әкелмейді деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар