Елорда •

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

1 мин
оқу үшін

Астана күнінде еліміздің перзентханаларында 448 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Сондай ақ мереке күні Қазақстанда екі егіз дүние есігін ашты. Олардың екеуі де Астана қаласында туған, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Фото: istockphoto.com

Атаулы күні Түркістан облысында 67 нәресте дүние есігін ашты. Ал Алматы қаласында – 44 сәби, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәресте дүниеге келді.

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған нәрестелердің ата-аналарын қуанышты сәтпен құттықтап, бүлдіршіндерге зор денсаулық, баянды ғұмыр, бақытты балалық шақ және амандық тіледі.

Еске сала кетейік, елорда күнінде бас шаһарда 24 сәби дүние келгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар