Фото: digitalbusiness.kz
2024 жылдың қаңтарында Алматыда болған зілзаладан кейін Әлихан күн сәулесінің жер сілкінісіне әсерін зерттей бастаған. Осы мақсатта ол Алматыдағы Оқушылар сарайының обсерваториясына барып ғылыми жұмыс жазған.
Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты
Кейін NASA ұйымдастырған халықаралық Space Apps Challenge хакатонында Әлихан SpaceLab компаниясының негізін қалаушы Арман Бекембаевпен танысады. Ғарыштық деректерді пайдаланып, табиғи апаттардың қаупін алдын ала анықтаумен айналысатын компания басшысы оның біліміне жоғары баға беріп, сейсмология бөліміне зерттеуші ретінде жұмысқа шақырады.
Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?
Уақыт өте келе Әлихан компаниядағы Күн белсенділігін зерттеу бағытын басқаратын бөлімнің жетекшісі болды. Қазір оның командасында Германия, Италия және Қазақстаннан келген бес маман еңбек етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапқан еді. «SuGuard» деп аталатын стартап жоба Астанада өткен «alem.ai battle» байқауында жеңімпаз атанды.