Фото: adilet_partiyasy
Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатқан съезге еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат қатысып жатыр.
Съезд барысында делегаттар партияның сайлауалды бағдарламасын, кандидаттардың партиялық тізімін бекітеді. Сонымен қатар партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындау және қорытынды Қаулы қабылдау жоспарланып отыр.
«Әділет» партиясына өтінімді онлайн форматта беруге болады
Партия өкілдерінің мәліметінше, бүгінде «Әділет» партиясы ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрып, басшылық органдарын жасақтаған.
«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады
Еске салайық, «Әділет» партиясы түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бастамасымен құрылған. Партияның құрылтай съезі 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында өткен болатын.