Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22271 материал табылды

Экология • 15 Желтоқсан, 2020

Экологиялық білім беру мектепке дейін басталғаны жөн

Бәріміз ұмыта қойған жоқпыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев итбалықтарға тас лақтырған балалардың әрекетіне алаңдап, жас ұрпаққа экологиялық білім беру ісін жолға қоюды тапсырған еді. Содан бері орта білім бағдарламасына экологиялық білім беретін жаңа пән енгізу туралы мәселе көп көтерілді. Алайда бұл білімнің негіздері балалардың бойына балабақшадан бастап берілуі керек. Өйткені, ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, адам өмірінде пайдаланатын ақпараттың 90 пайызын 5 жасқа дейін санасында сақтайды екен.

Президент • 15 Желтоқсан, 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі

Құрметті отандастар! Ардақты ағайын! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұр­пақ­тың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам. Тәуелсіздік – мем­лекетті­гіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тари­хы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құн­дылық жоқ. Оны ең қымбат қазы­наға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған тәуел­сіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.

Руханият • 14 Желтоқсан, 2020

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мен зиялы қауым өкілдері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрының XXX маусымашарына қатысты,деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 14 Желтоқсан, 2020

Назарбаев Университетінің ғалымдары COVID-19 симуляторын ойлап тапты

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының ғалымдары пандемиямен күрестегі ең тиімді тәсілдердің бірі – халықты  жаппай тестілеу және байланыста болған адамдарды анықтау екенін айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 14 Желтоқсан, 2020

Құқықтық база жетілдіріледі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Палата төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы: халықаралық-құқықтық базаны имплементациялау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Саясат • 14 Желтоқсан, 2020

Жобаның мәні – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

Бизнес • 14 Желтоқсан, 2020

Жаза басқандар ашқан кәсіп

Толғауы тоқсан тіршілікте қателеспейтін адам болмас, сірә. Қате­лікке ұрынған жандарды кеудеден итермей, қоғамға бейімдеуде пробациялық қызметке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Тарих • 14 Желтоқсан, 2020

Алтын Орда тарихы және Едіге би

Тарих ғылымында тарихи тұлғалардың алатын орны мен атқарған рөлі көп қарастырылған мәселелер қатарына жатады. Белгілі бір тарихи тұлғалар тарихтың объективті даму заңдылығымен қатар өзінің жеке болмысындағы субъективті факторларымен өзі өмір сүрген қоғамның дамуын еселеп дамытса, кейбіреулері қоғам үшін дамудың жаңа бағытын анықтайды, тіпті олардың қолданған тарихи ұтымды әдіс-тәсілдері, таңдаған жолдары болашақ үшін үлгі болып алынады. Уақыт өте келе өз замандастарының алды болған тарихи тұлғалар есімдері жазба тарих пен ауызша тарихта сақталынып, небір аңыз-әңгімелер мен ғажайып мифтермен толықтырылып, ерекше аңыз адамға айналып, біздің күндерімізге дейін жетіп отыр. Ондай тұлғалар болашақта да халық жадымен қатар ел тарихында қала береді.

Руханият • 14 Желтоқсан, 2020

Ойлауды өзгерткен құдірет: Абайдың қазақ тілін байытуы

Ұлы Абайдың 175 жылдығында отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Абай туралы тың толғамға құрылған мақалалар көп­теп шықты. Сонымен бірге, Абай шығармашылығы алыс және жақын шетелдердің баспасөзінде де сөз етіле бастады. Мысалы, белгілі мәдениеттанушы Сауытбек Абдрах­ма­новтың Абай аудармалары туралы мақалалары Ресейдің «Литературная газета» («Перечитывая Абая», 2020, 18-24 қараша), «Независимая газета» («Как сказал Абай», 2020, 31 қазан) басылымдарында жарияланды, «Ком­со­моль­ская правда» (2020, 31 қазан), «Аргументы и факты» (2020, 2 қараша) газеттерінде қазақ әдебиеттанушысының зерделі зерттеулері жөнінде рецензиялар шықты, автордың ағылшын тіліне аударылған мақалалар топтамасы бірнеше елде жарық көрді. Автордың бұл тақырыптағы зерттеулері «Фолиант» баспасынан «Аударма алыбы. Конгениальность. Congeniality» деген атпен үш тілде шығып отыр. «Егемен Қазақстанды» ұзақ жылдар бойы басқарған азаматты еңбегі жанып, «Абыз Әбіш» кітабы үшін Абай жылында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атануымен құттықтай отырып, қазақ қаламгерінің аударматанушылық еңбегі туралы «Аргументы и факты» газетінде жарияланған мақаланы оқырмандар назарына ұсынамыз.