Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Қаржы • 15 Қыркүйек, 2020

Салық жөніндегі мәліметтерді түзете алады

Қате есептелген салықтар немесе меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін «Салық әмияны» қызметінің «Салық салу объектілері» бөлімінде түзетуге мүмкіндік бар.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2020

Жемқорлықты жеңетін жол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттігімізді нығайту жолындағы ең басты мәселелерге назар аударып, қоғам мен мемлекетімізде стратегиялық бағыттар бойынша қандай өзгертулер жасау керек екенін айқындады. Мемлекет басшысы басты құжатта сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жолын кесу мәселесіне айрықша тоқталды.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2020

Корпоративтік басқару қоғам үшін маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын көлемді бағдарлама деуге болады. Онда көтерілген мәселелердің барлығы да қоғам үшін маңызды.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2020

Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту – өзекті мәселе

Қазақстан халқына Жолдауында Президентіміз Қ.Тоқаев жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау арқылы олардың әлеуетін пайдаланып, аймақтық азық-түлік хабтарына тарту мәселесіне баса назар аударды. Субсидиялау және салықтық жеңілдіктер бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі коо­перацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу жөнінде нақты міндеттер қойды.

Технология • 15 Қыркүйек, 2020

Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқытылады

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Fraunhofer IPA Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен бірлесіп 2020 жылғы 23 қыркүйек мен 5 қараша аралығында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері үшін Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқыту өткізеді.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2020

Тең құқылық пен жарыспалық әділдіктің кепілі болады

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өзінің кезекті «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деп атап көрсетті.

Абай • 15 Қыркүйек, 2020

Даналық пен даралық

Құбылыс Жеті қат жердің тектоникалық қоз­ғалысы мен сілкінісінен жанартаулар пай­да болатыны сияқты уақыттың ұзақ тол­ғағынан дүниеге мың жылдықтарда бір келер, қайталанбас, қайтып тумас, даналық пен даралықтың үздік үлгісі – ұлылардың ұлысы әлемді жалт қаратып, таңдай қаққыза тамсандырып, ашады өмір есігін. Бұл жүз, мың жылда болатын оқиға емес, бірнеше мыңжылдықтарда бір-ақ мәрте болатын құбылыс!

Үкімет • 15 Қыркүйек, 2020

Заң жобасы әзірлендіі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына қатысты заң жобасын әзірледі.

Оқиға • 15 Қыркүйек, 2020

Жаңа сервис медициналық ұйымдардағы бос орындар туралы ақпарат береді

Енді «Ашық деректер» порталының сервистерін пайдаланатын әзір­леушілер нақты уақыт режімінде COVID-19 науқастарына арналған медициналық ұйымдарда бос орындардың бар-жоғы туралы ақпаратты көре алады. Сондай-ақ қажетті медициналық техниканың болуын бақылай алады.

Руханият • 15 Қыркүйек, 2020

Жеңіс парадына қатысқан

1945 жылдың маусым айында Кеңес Одағы халқы мен оның қарулы күштері үшін ерекше мереке болды. Мәскеуде Жеңіс құрметіне арналған әскери шеру өткізілді.