Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Таным • 15 Қыркүйек, 2020

«Дала қарақшысы» Айдынғали Трумбетовтің кейінгі тағдыры белгісіз күйде қалды

Ресей Федерациясындағы Астрахань облыстық мемлекеттік архивінде төл тарихымызға қатысты құнды тарихи құжаттардың көптігі тарихшыларға мәлім. Дегенмен ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихи деректер ғылыми айналымға әлі түскен жоқ. Бұл архивтің қорындағы (Астрахань азаматтық губернаторы канцеляриясының 1 қоры, 2 тізбе, 908 іс) «Қырғыз (қазақ) даласындағы атаман Айдынғали Трумбетовтің қарақшылық отрядын жою жөнінде (9 наурыз – 8 сәуір 1908 жыл)» атты іске «өте құпия» белгісі соғылыпты. Бұрын ешкімнің қолына түспеген «дала қарақшысы» Айдынғали Трумбетов жайлы материал бізді де қызықтырды.

Экология • 15 Қыркүйек, 2020

Қалдықты бөлек жинау туралы сабақ өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептер мен жоғары оқу орындарында жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеуге тиісті көңіл бөлу қажеттігі туралы тапсырмасын орындау аясында Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде экологиялық марафон басталды.

Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020

KAZGUU заңгерлері тегін кеңес береді

М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында «TEGIN KENES» жобасын бастады. Енді Қазақстанның әрбір азаматы үйден шықпай-ақ білікті заңгердің кеңесін тегін ала алады.

Оқиға • 15 Қыркүйек, 2020

Әлеуметтік жобалар байқауы өтті

Достық үйінде Ассамблеяның 25 жылдығына орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «DOSTYK KZ» атты жастар саясатын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді.

Таным • 15 Қыркүйек, 2020

«Туды есіне алушылар сиреді» (эссе)

Жазғытұрым, күз айларында мен Мәскеу түбіндегі қалың орманды еркін кезуші едім. Бұл серуендер бірнеше күнге немесе бірнеше аптаға созылып жүре беретін. Мәскеу мені жиырма тоғыз жасымда алып ордасына шақырды. Қызмет берді, үй берді, ең бастысы бостандық берді. Бұл дүниеде бостандықтан қымбат не бар дейсіз?!. Ештеңе жоқ. Ең бастысы сол бостандықты өзің үшін, өнерің үшін, елің үшін, Отаның үшін қалай жаратуыңа байланысты. Шын мәнінде бостандық үшін махаббатты да, өмірді де талақ тастауға дайын болғаның қажет.

Таным • 14 Қыркүйек, 2020

Кәмен ұстаз – кемел ұстаз

Ұстазым Кәмен Оразалин туралы осы естелігімді жазуды қолға алғанмен, тақырып қоюға келгенде біраз қиналдым. Өйткені тек ұстаз деген атаумен шектеліп қалуым өзіме қораш көрініп, аздық етіп тұрғаны білініп тұр.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Екінші толқынды тойтаруға дайынбыз ба?

Коронавирус пандемиясының соққысы біздің елді ғана емес, күллі әлемді есеңгіретіп кетті. Тұтқиылдан келді де, тыныш өмірдің шырқын бұзды, сонымен қатар айтып келмеген апаттың мұндай түрінің алдында адам баласының қаншалықты қауқарсыз және қорғансыз екенін байқатты. Ең өкініштісі, бұл сұрапыл індет миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіріп, талай шаңыраққа қайғы әкелді.

Абай • 14 Қыркүйек, 2020

Әлемге ақыл себуші

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер, – деп Мағжан ақын жырлағандай, шешеннің айтқан сөзі көпке жетті. Бұл шешен Абай еді.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2020

Мемлекет – тиімсіз шаруагер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет – тиімсіз шаруагер деген қағида аксиомаға айналды», деген болатын.

Оқиға • 14 Қыркүйек, 2020

Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы іздеу тобымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысы аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған Тынық мұхиты флотының теңіз жаяу әскері мен бейбіт тұрғындардың сүйектерін іздеуге бағытталған археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.