Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Президент • 11 Қыркүйек, 2020

Астықты аймақтардың әлеуеті зор (Мемлекет басшысы кеше жұмыс сапарымен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен атбасын тіреген Қостанай қаласында осындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты.

Руханият • 10 Қыркүйек, 2020

Бухарестте Абай Құнанбайұлының бюсті қойылды

Бухаресттің орталығында Абай Құнанбайұлының бюстінің салтанатты ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды

Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды. Бұл туралы "Қазсушар" РМК Түркістан облыстық бөлімшесінің директоры Денис Коновалов БАҚ өкілдеріне арнаған пресс-тур барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Аягөзде медицинаның мүмкіндігі артты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін еліміздің аймақ­тарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 за­ма­науи көпсалалы нысан пайдалануға бе­ріледі...

Пікір • 10 Қыркүйек, 2020

Жолдауға жоғары баға берді

ГРЕКО атқарушы хатшысы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларына оң пікір білдірді. Джанлука Эспозито Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысты пікірімен бөлісті.

Пікір • 10 Қыркүйек, 2020

Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі

Мемлекеттік басқарудағы жаңа модельдің бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Бұл мемлекеттік басқаруға, кадр сая­сатына, шешім қабылдау жүйесіне, сондай-ақ оларды орындау жауапкершілігіне көзқарасты өзгерту үшін қолға алынған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне тағы да кеңінен тоқталды. Өйткені елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құрудың алғышарты бар.

Тарих • 10 Қыркүйек, 2020

Қазақ хандығы қашан құрылды? (Кино тілінде сөйлеген тарих)

Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінен (4 қыркүйек 2020 жыл), 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясының аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынып және аталған шығармаларды талқылауға мамандарды шақырып, пікірлерді ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін тиісті орындарға жолдау керектігі туралы жазған ақпаратты көзім шалды. Сол тізімнің ішінде «Қазақстан кинематографистер одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы (авторлары: Елубаев Смағұл Абатұлы, Әбдрашов Рүстем Жарасқанұлы, Асенов Арман Тұрсынбайұлы, Кемалов Қайрат Кемалұлы, Дайыров Еркебұлан Мұратұлы) бар екен.

Руханият • 10 Қыркүйек, 2020

Ұлтын сүйген ақын

Биылғы Мемлекеттік сыйлықтан үміткерлердің бірі – ақын Бақытжан Қанапияновтың (Жан Бақыттың) «Достояние души» («Жан-дүние игілігі») жинағы ғасырлар салған жол, таулы аймақ, тұрмыстағы түркілік әуен араларындағы өзара байланыс пен түсіністікті арқау еткен жырларын біріктірген. Автордың бұл туындысына Жан Бақыт деп қол қоюы – 2017 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасын таныстыру ауқымында қазақстандық ақын-жазушылар кітаптарының тұсаукесер рәсімі кезінде жария болған жайтқа байланысты екен. Бақытжан Қанапияновтың «Кері перспектива» жыр жинағы француз тілінде шыққан, аудармашы әріптестері сол кітапта оның аты-жөнін өз тілдеріндегі үндестікке сәйкестендіріп, Жан Бақыт (Jan Bakhyt) деп көрсеткен көрінеді. Француз ақындары қойған әдеби есім авторға ұнайды, сөйтіп, аудармашы достарына құрметі ретінде, ол да «Жан-дүние игілігі» атты жаңа жинағына Жан Бақыт деп қол қояды.

Пікір • 10 Қыркүйек, 2020

Халықтың үміті ояу

Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі тұжырымдардың астарында, дәл қазіргі жағдайда, халқымыздың санасындағы «Дағдарыс» сөзін «Мүмкіндік» ұғымына біржолата ауыстыру уақыты келгенін меңзейтін ой жатыр. Әрине, бұл – аса батыл, қажетті әрі іске асуы тиіс мақсат.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020

«Әйелге тән емес» кәсіпте әйелдердің жетістігі көп

Энергетика дәстүрлі түрде ерлер саласы болып саналады. Күйзеліске төзімділік, қатаң талапшылдық, жыл­дам­дық және кей кезде салқынқандылық – энергетик жұмысындағы осы қасиеттер мықты ер адамның бейнесін сомдайды. Дегенмен әйелдер де электр энергетикасы саласында бұрыннан өздерінің берік қағидаларын ұстанған.