Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Үкімет • 11 Қыркүйек, 2020

Электронды өнеркәсіп өрге басады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төр­ағалығымен электронды өнеркәсіпті да­мыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қыз­меті.

Ғылым • 11 Қыркүйек, 2020

Инновациялық жасушалық технологиялар жоғары бағаға лайық

Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сый­лығын тағайындау жөніндегі комиссияның алдын ала іріктеуінен өткен «Ұлттық ғылыми медициналық орта­лық» АҚ ғалымдарының «Клиникалық медицинада инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және енгізу» атты жұмысы марапатқа лайықты.

Әдебиет • 11 Қыркүйек, 2020

Арнасын тапқан асыл ой

Ел үшін ең басты құндылық – тәуелсіздік. Егемендігі жоқ ел ешқашан рухани жаңғыра алмайды. «Елу жылда ел жаңа» деп халқымыз бекер айтпаған. Заманында Мұса пайғамбар, елі бодандықтан босап шыққан кезде, ешкіммен араластырмай, қырық жыл құмның ішінен алып өтті деген дерек бар. Бұл оның елін құлдық санадан арылтамын деген амалы болса керек.

Пікір • 11 Қыркүйек, 2020

Мақсат айқын, міндет көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауын оқығанда қалам ұшына оралған осы оймен сабақтаса көз алдымызға бүгіні бекем еліміздің келешегі келеді.

Таным • 11 Қыркүйек, 2020

Майя өркениеті күнтізбелер жүйесі мен сәуегейліктің ғылыми негіздері

(Соңы. Басы 172-нөмірде)   Әзірге бұл сұрақтың жауабын тағы да майялардың өркениетін түбе­гейлі зерттеген, жоғарыда аты атал­ған америкалық ғалымдар Хосе және Ллой­дин Аргуэлльестерден іздеп кө­релік. Ол ғалымдардың пайымдауынша, бүгінгі адамзат өзі қолдан жасаған механистикалық алдамшы уақыт ке­ңістігінде тіршілік етіп отыр. Өйткені бүгін қолданыста жүрген Рим Папасы XIII Григорийдің 1582 жылы енгізген жасанды күнтізбесі бүкіл әлемді өзіне басыбайлы етіп алған. Ол күнтізбенің бір жылдық мерзімі кейбірі 28, кейбірі 29, енді бірі 30, және бірі, тіпті, 31 күнге де тола салатын, ұзынды-қысқалы 12 айдан тұрады. Ол аз болғандай, адамзат уақытты ноқталамақ болып, оны кәдімгі кеңістікпен шатастырып алғандықтан, сағаттың циферблатын 12 бөлшекке бөліп, әр сағатты 60 минутқа, әр минутты 60 секундқа жіктеп, бас-аяғы 360 градус болатын дөңгелек жазықтыққа «байлап» қойғандай сезініп жүр. Мұның астарында «бір жылда 12 ай бар, оған ойдағы бес күнді қосса, толық жылды құрайтын 365 күн шығады; бір тәулікте 24 сағат бар; оларды күн мен түнге бөлсе, 12 сағаттан, ал әр сағат 60 минуттан тұрады» деген ұғым тұрғаны белгілі. Бірақ бұл күнтізбенің негізінде ғы­лымнан мүлде аулақ 12:60 секілді жа­санды уақыт модулі немесе жасанды уақыт жиілігі тұрғанын көпшілік қауым біле бермейді. Тіпті, аталмыш күнтізбенің ешбір ғылыми негізі жоқ екенін де бүгінгі адамзат әлі күнге дейін то­лық сезіне қойған жоқ. Себебі Хосе Аргуэлльес айтпақшы, бүгінгі адамзат әлгі жалған күнтізбеге қатты шырмалып, космоспен, яғни аспан әлемімен телепатиялық табиғи байланысын мүлде үзіп алған, демек, о баста Тәңір сыйлаған құндылықтардан адасып қалған. Соның сал­дарынан, өкінішке қарай, бүгінгі таң­да адамзат өзін де, өзі тіршілік етіп отыр­ған биосфераны да жойып жіберуге шақ қалып отырғанынан мүлде бейхабар.

Таным • 11 Қыркүйек, 2020

Ақиқатты алтын табаққа салып, ақтарып беріп тұрған туындылар

Бұл дүнияны жағымды жаңа­лық­тар тазалайды және сондай дең­гейдегі жағымды жаңалыққа құш­тарлар оны баянды етеді. Баян­ды ететін себебі – бұл оның рухани байлығы. Әсіресе өнер­дегі жаңалық! Біз – көрермендер мен оқырмандар – әрбір биік деңгейдегі жаңа туындыны көріп немесе оқып қатты әсерленген кезде, көңіліміздің төрінде өзі­міз­ден өзіміз биіктеп, жаңа бір орби­таға шыққандай боламыз! Шық­қандай боламыз емес, шығамыз!

Руханият • 11 Қыркүйек, 2020

Талайлы тағдырлар, қазақы мінездер (Жазушы Несіпбек Дәутайұлының Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Кісі иесі» хақында)

Асылы, жазушыға ең алдымен көкірек көзі керек. Қаламгердің өткір де көреген көзі арқылы жазылатын болашақ шығарманы, әрине, аса бай, бояулы тілі оқырманның жүрегіне жеткізіп, толғандырады, ойландырады.

Үкімет • 11 Қыркүйек, 2020

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ағымдағы жылы алғаш рет Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Эпидемиялық жағдайды ескере отырып, отырыс онлайн форматта жүргізілді. Ісшараға Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.

Руханият • 11 Қыркүйек, 2020

Есіңде болар әр күнің

1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне 50 бала оқуға түстік. Қазақстанның әр түкпірінен келген елу қыз-жігіт. Елу өмірбаян, елу тағдыр, елу мінез. Қазіргідей мектеп партасынан секіріп түсіп, жоғары оқу орындарының партасына ауысып отыра салған үй өсімдігіндей балауса балалар емес, сол кездегі абитуриенттерге қойылатын талап бойынша екі жыл өндірісте жұмыс істеп келген «қатайған» жастар едік.

Пікір • 11 Қыркүйек, 2020

Әскерилерге де қатысты мәселелер бар

Президенттің биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын қоғамның барлық деңгейін қамтитын, елді жаңа өзгерістерге бас­тайтын бастама деп қабылдадық. Соның ішінде бізге, әскерилерге де қатысты өзгерістер бар.