Білім • 04 Қараша, 2020
"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
57 үміткер "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Жыл соңына қарай Алматы облысының 1,2 млн тұрғыны табиғи газға қосылады
Облыста ауыз сумен қамту жүйелерінің құрылысы мен жөндеуіне қатысты 17,9 млрд теңгеге 110 жоба іске асырылуда. Осының нәтижесінде 90 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Қараша, 2020
Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендеді
Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендетілді. Газдың бір текше метрінің бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге түсті. Бұған дейін бір текше метрді 60 теңге деп белгілеу болжанған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Қараша, 2020
Америка демократиясының сынға түсер сәті
НЬЮ-ЙОРК. Тарихтың белгілі бір сәттерінде – көбіне елеулі әлеуметтік прогресс қоғамның белгілі бір бөлігін бейжай қалдырғаннан кейін, саяси сахнаға үлкен әрі заманауи ұстанымды жақтаймын деген жеке адам шығады. Өзін-өзі таныту мен сезім арқылы сенімге кіру шеберлігіне ие ол (ол әрқашан ер адам) «мачо» ретінде миллиондардың жүрегі мен санасын жаулап алады. Осылайша, оның жеке басына табынушылық қалыптасады. Билікке келу кезінде қоқан-лоққы көрсетіп, зорлық-зомбылық жасаса да, оны тәртіпсіз әлемді тезге салатын құтқарушы ретінде санайтын адал адамдар қолдайды.
Әлем • 04 Қараша, 2020
Нью-йорк. Еуропаның озық ойлы интеллигенциясы саяси центризмді жиі сынға алып жүр. Олардың сөзіне сүйенсек, орташа жолды ұстануға жеткілікті назар аударылмаса, саяси балама партияның құрылуына кедергі келтіріп, әсіре солшыл не әсіре оңшыл партиялардың көбеюіне әкеліп соғады. Бұл тұрғыдан қарасақ, центризм популизм мен полярлануға әкеліп, ақыр соңында демократиялық принциптерге деген сенімсіздік күшейеді.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Елдік сана – ұлттық рухтың өзегі
Бүгінгі таңда еліміздің тарихын тәуелсіздік талаптарына сәйкес, жаңа заман биігінде қайта қарастыру қажеттілігі туып отыр. Бұл – қоғамдағы құбылыстарды қайта зерделеу күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелер қатарына көтеріліп жатқанда, жаңа тарихи пайымдарды қалыптастырудағы әлеуметтік-саяси модельдердің түкпілікті ауысуы деп білеміз.
Абай • 04 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласында өткен кездесуде Үкіметке Абайдың мерейтойына арналған барлық қажетті іс-шараларды дайындауды тапсырып: «...Біз тарихтан үлгі алып, ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсетіп отыратын халықпыз. Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» басты бағыты болуы керек. Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы борышымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі», деген болатын Президент.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Саналы таңдау мен риясыздықтың үлгісі
Өткен бір мақаламызда волонтерлік қозғалыстың маңызын халықаралық деңгейде терең білетін Президент Қ.Тоқаевтың «Жан дүниесі таза емес, ойы лас адамдар волонтер бола алмайды» деген пікірін келтірген едік. Сөйтсек волонтерлер мәселесінің түйіні осы қозғалыстың ішкі мазмұнында жатқанға ұқсайды. Біз үнемі оның ішкі «болмысына» емес, тек сыртқы «пішініне» қарап келген тәріздіміз.
Технология • 04 Қараша, 2020
Қай мобильді қосымша сіз жайлы көбірек ақпарат жинайды?
Жасыратыны жоқ, ақпарат заманында мобильді қосымшалардың рөлі зор. Apple және Google қолданушылары осы жылдың үшінші тоқсанында рекордтық 33 млрд бағдарлама жүктеп, 28 млрд доллар қаржы жұмсаған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 20% артық. Бұған себеп – әлемді індет жайлап, оқшауланған жұрттың интернет арқылы байланыс орнатуы.