Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21649 материал табылды

Абай • 18 Тамыз, 2020

Дана Хикар және Абай

Қазақ қауымы «Дана Хикар сөзімен» ең алғаш осыдан отыз жыл бұрын қауышқан болатын. Дана Хикар хикаясы – адамзаттық асыл ойдың уызындай болған әрі көне, әрі аса құнды туынды. Адамзаттың ортақ игілігі саналатын «Дана Хикар сөзі» – XVI-XVII ғасырлардан армян жазуымен жеткен қыпшақ тіліндегі мұралар ішіндегі көркем-дидактикалық жанрдағы әзірге белгілі, шоқтығы биік жалғыз шығарма. Бұл дидактикалық шығарманың сипаты мен мән-мазмұны, зерттелуі мен тілі жайлы танымдық мағлұмат қазақ қауымына С.Құдасовтың 1990 жылы жарияланған «Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінің» тілі» атты монографиясы арқылы мәлім болған еді.

Білім • 18 Тамыз, 2020

Қашықтан оқыту: ерекшеліктер мен қиындықтар

Ғаламды шарпыған індеттің елімізге дендеп енуіне байланыс­ты қашықтан оқы­ту қанатын кеңге жай­ғаны баршамызға аян. Уақыт бізді таң­да­ды, біз тарихи мүмкін­­дігімізді жүзеге асырудамыз.

Аймақтар • 18 Тамыз, 2020

Алға артта қалмауға тырысады

45 мың тұрғыны бар Алға ауданы елді мекендерінің 95 пайызы бүгінде газбен және ауыз сумен қамтылған, газ жүргізілмеген Сарықобда ауылдық округінің Сарықобда және Болгарка ауылдары ғана қалды. Облыс орталығына ең жақын, Ақтөбе агломерациясының құрамына кірген Алға ауданының аумағында шағын өзендер, бұлақты тоғандар көп болғанымен, суармалы шаруашылық желісі ақсап тұр.

Елорда • 18 Тамыз, 2020

Елордада жедел-жәрдем шақыру азайды

Нұр-Сұлтанда Covid-19 бойынша жедел жәрдем шақыру саны тәулігіне 500-ден 6-ға дейін азайды (83,3 есе төмендеді). Шақырулардың жалпы саны 3 есе – тәулігіне 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді. Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 7 есе азайды.

Экономика • 18 Тамыз, 2020

Жобаның екінші кезеңін қаржыландырды

Жаңғыртылған өндірісті іске қосу кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Өнер • 18 Тамыз, 2020

Саңлақ суретші

Сембіғали десем, көкейіме «кетсе саған кетсін» деп, Құдай тағала бір басына «графика» десең – сыза алатын, «кескіндеме» десең – жаза алатын, «мүсін» десең – бал­шық илеп, мыс құятындай қы­лып, картина танығыш, композиция дегенді сонадайдан «оқығыш» етіп жаратқан, жан-жақты, бір орнында тыншып отыра алмайтын жігерлі, қағылез де шапшаң һәм мына жағы Бейжің, Шанхай, ана жағы Любляна, Мәскеу, Дюселльдорф, Амстердам, Вена, Венеция, Париж, Мюнхен, Лон­дон аралап жүретін жаһангез суретші келеді...

Парламент • 18 Тамыз, 2020

Әлеуметтік жобаларға басымдық берілуде

Сенат депутаты Н.Қылышбаев Алматы облысының аудандарына барды. Жергілікті жерлерде ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын тексеруде.

Елбасы • 18 Тамыз, 2020

Эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Сенат депутаты Атырау облысының Құрманғазы ауданына барды

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысының Құрманғазы ауданында болып, 75 орындық жаңа аурухананың құрылысымен танысты. Клиникада 10 орындық инфекциялық бөлімше, 10 орындық балалар бөлімшесі, сонымен қатар ас блогы, кір жуатын орын, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған полигон болады. Аурухананың айналасында емделушілердің демалысы мен қалпына келуіне барлық жағдай жасалған.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Сенат депутаты Алматы облысының аудандарына барды

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев Алматы облысының аудандарына барды. Жергілікті жерлерде ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын тексеруде.