Пікір • 05 Қазан, 2020
Қоғам мен мемлекет бірлесіп қана жемқорлықты жеңе алады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесіне ерекше назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жаңғырту жолдарын белгіледі.
Экономика • 05 Қазан, 2020
Шығыстарын 18,5 млрд теңгеге оңтайландырды
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы шығыстары мен күрделі сипаттағы шығыстары 2020 жылы 18,5 млрд теңгеге қысқартылды. Қысқарту шаралары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.
Пікір • 05 Қазан, 2020
Полицияның сервистік моделі: Пайым және перспектива
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметінің сервистік модельге көшуі басым бағыттардың бірі болды.
Әдебиет • 05 Қазан, 2020
Ойдан шыққан онлайн пікірталас
Әдебиет төңірегіндегі әңгіменің ұштығын шығарсаңыз бітті, қызуы бет шарпитын пікірталас бірінен бірі «қуат» алып, өздігінен жалғасып жүре береді. Бір топ – қазақ әдебиетінің қазіргі заманғы бағыт-бағдары әлемдік деңгейдегі шығармашылық әлеуетімен иық теңестіреді, насихат жағынан кемшін түсіп жатқаны болмаса туған әдебиеттің өркендеу өрісі талайларды шаң қаптырып кетеді деп бір қайырады; екінші топ – кітап дейтін құндылықтың құнын түсіріп алдық, бүгінде қалам ұстағанның бәрі жазушы, баспалар шаш етектен, пәсін төлесеңіз, жинағыңызды алтынмен аптап, күміспен күптеп шығарып беруге дайын-ақ, «жақсы мен жаманды айыратын әдеби сыншылар самарқау, онсыз да кітап оқуға құлшынып тұрмаған оқырманды одан әрі шатастырып біттік» деп зар қағады... Пікірталастың соңы көпшіліктің пайдасына шешіліп жатса, кәнекей! Бір өкініштісі, осындай екіұдай тартыстың әлі күнге дейін демін басып, бір тоқтамға келетін түрі байқалмайды. Кез келген әдеби басқосуларда осы мәселелер белсеніп алға шығады да, айтылған ойлар айтылған жерінде мәреге жете алмай ұмытылып қала береді. Дегенмен, «сен тимесең, мен тимен бадырақ көзден» гөрі толғақты ойлардың ортаға салынғаны, іштегі пікірдің сыртқа шыққаны оңды.
Әдебиет • 05 Қазан, 2020
Мақтаарал ауданына түскен жолсапарымыздың бірінде Сырым Мүсірепұлы Жүсіпов деген азаматпен жолығудың сәті түскен. Ол «Нұр шамы» атты серіктестіктің құрылтайшысы екен. Ауылда тұратын шеберлерді іздеп келгенбіз. Ойламаған жерден мол қазынаға жолықтық. Өйткені, алдымыздағы ағамыз қазақ поэзиясының көгінде жұлдыздай жарқырап, мезгілінен бұрын ағып түскен Қосжан Мүсіреповтің туған інісі еді. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде ақиық ақынның есімі сирек аталады. Сондықтан Сырым ағадан суыртпақтап сыр тарттық.
Тарих • 05 Қазан, 2020
Қуғын-сүргінге ұшыраған ұстаздар
Ұстаздардың өмірі және тарихтағы рөлі жөнінде Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Г.Ахметованың «Репрессированные учителя» («Қуғын-сүргін құрбаны болған ұстаздар») деп аталатын монографиясы – соңғы уақыттарда тарихтағы ақтаңдақ тақырыптың қалтарысын ашқан салмақты зерттеулердің қатарына жатады.
Саясат • 05 Қазан, 2020
«Сот кабинеті» мүмкіндікті молайтады
Қазақстан судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Жоғарғы сот «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.
Руханият • 05 Қазан, 2020
Өзіміз қазір атын қысқа күнде қырық қайталап, әулие тұтып отырған (шетелдік біреуді әулие жасамасақ, қазақ боламыз ба) қытай романисі Мо Янь «Туындыда иіс болу керек» деген. Не иіс ол? Әрине, туған топырақ иісі, ұлт иісі, ұлттық құндылықтар иісі...
Абай • 05 Қазан, 2020
Ақын эстетикасындағы имани гүл
Абайдың поэзиясына, көркем әлеміне үңілген сайын, жаның тебіреніп, сезім көкжиегің кеңейіп, бар болмысың сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса, рухани биікке, іңкәрлікке тәрбиелейді.
Абай • 05 Қазан, 2020
Қайталанбас, бірегей қасиеттері көп қазақты қаны таза халық дейміз. Өкінішке қарай, осынау өзгеше халқымыз, ұлағатты ұлтымыз басқыншылықтың қорлығын, отаршылдықтың зорлығын бастан көбірек кешіріп, азапты ғасырларда азаттығынан айырылып, азып-тозуға ұшырағаны да аян. Осылайша қаны таза қазақ талай-талай дерттерді жұқтырды. Олар алауыздық, арызқойлық, жағымпаздық, күншілдік, дүниеқоңыздық, қанағатсыздық, екіжүзділік деп жалғасып кете барады.