Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21470 материал табылды

Пікір • 12 Маусым, 2020

Еңбек адамына құрмет

Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөл­шегіне айналуы тиіс. Еңбек идеясы – азаматтық құл­шы­­нысты арттырып, қоғамды топтастырушы, идеялық-бағ­дарлық ұйыстырушыға айнала алады. Қоғамның бар­лық тобына тән еңбек идеясы адамдарды әлеуметтік мәр­­тебесіне бөліп қарамастан барлығын толық қамтитын әле­уетке ие.

Таным • 12 Маусым, 2020

Сабақтастық пен өрлеудің сара жолы

Ұлықтау рәсімі өтіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Респуб­ли­­касының Прези­денті қызметіне ресми түрде кіріскеніне бүгін тура бір жыл толып отыр. Былтыр 9 маусымда өт­кен сайлауда сайлаушылардың 70 па­йыз­дан астамы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс бер­ген еді. Осылайша, Қазақстан хал­қы Елбасы саясатының сабақ­тас­тығы­на және еліміз­дің одан әрі өрлеуіне қолдау білдірді.  

Абай • 12 Маусым, 2020

Абай және Бауыржан

Қазақтың бұл екі тұлғасын бір-біріне теңдестіруге келмейді. Абай асқар тау болса, Бауыржан Момышұлы сол тау­дың бір шыңы іспетті. Бірақ ол да ешкімге теңестіруге келмейтін жеке-дара тұлға. Солай бола тұра, әйтеуір Абай есімі аталғанда Бауыржанды, ал Бауыржан есімі аталғанда Абайды есіме алатын болдым соңғы кезде. Неге соңғы кезде? Өйткені тәуелсіздік жыл­дарындағы зерттеулер бұл екі тұл­ға ту­ралы таным-түсінігімізді терең­детті. Әсіресе, қазақтың біртуар ға­лымы Мекем­­тас Мырзахметұлының Абайға ислам шығысының әсерлерін алпыс жылға жуық зерттеуінің қорытындысы болатын «Абайдың толық адам ілімі» ат­ты кітабы («Қазығұрт» 2020 ж.) бізге бұл ілімді түбірлетіп түсіндіріп берді.  

Таным • 12 Маусым, 2020

Тәлкекке түскен тағдыр (Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясовтің ісі туралы)

Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов 1920 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек (Сырдария) ауданы, «Қызыл Коммуна» ұжымшарында туған. 1933-1936 жылдары балалар үйінде тәрбиеленген. Орталық Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыған. 1937 жылы Ташкент педагогикалық училищесін бітіріп, мектепте неміс және тарих пәндерінен сабақ берген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Венгрияның Будапешт қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Будапеште оның есімімен аталынған көше бар.

Қоғам • 11 Маусым, 2020

Асқар Мамин Қазақстанның барлық өңірінің кәсіпкерлерімен іскерлік белсенділікті қалпына келтіру мәселелерін талқылады

10-11 маусым күндері Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанның барлық өңірлеріндегі бизнес өкілдерімен селекторлық кеңестер өткізді, онда іскерлік белсенділікті қалпына келтіру мәселелері қаралды,- деп хабарлады primeminister.kz.

Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Алматы облысында қызметші үй иелерін тонап кетті

Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде “үй ұрысын” анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Коронавирус жұқтырған Теміртау әкімі жазылып шықты

Коронавирус жұқтырған Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов індеттен айықты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан • 11 Маусым, 2020

Ведомствоаралық комиссия санитарлық режимді күшейту мәселелерін қарады

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, халықаралық әуе қатынастырын кезең-кезеңмен ашу және басқа да өзекті мәселелер қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 11 Маусым, 2020

Киевтен Алматыға эвакуациялық рейс ұшып шықты

Киев қаласынан Алматыға 42 адам ұшып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігіне сілтеме жасап.

Президент • 11 Маусым, 2020

Жемісті бір жыл

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ел Президенті болып сайлануы елдігіміздің, бірлігіміздің жарқын куәсі болды. Ол Елбасының қасында жүріп, үлкен саяси мектептен өткен, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатын, халықаралық дипломатияның қыр-сырын терең меңгерген, дүниежүзілік аренада Қазақстанды лайықты таныта алатын және еліміздің мүддесін жоғарғы деңгейде қорғай білетін тұлға ретінде кеңінен танылды.