Руханият • 16 Маусым, 2021
Жуырда дүниеден озған, қазақтың классик ақыны Есенғали Раушановтың сөзіне жазылған «Қара бауыр қасқалдақ» әні – тағдырлы тарихи туынды. Бірі білсе, бірі білмес бұл ән – Желтоқсан оқиғасындағы қасіретке арналған. Алғашқыда әнді домбырамен, баянмен орындаған.
Руханият • 16 Маусым, 2021
Жуырда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» жобасының күй өнеріне арналған 2-томы жарық көрді. Жинақтың электронды және аудионұсқаларының сапасы әлемдік стандарттарға сай. Бұл Антологияны – ұлттық музыкамыздың ғасыр жаңалығы деп бағалауға болады. Мұнда қазақтың күй мұхитына құйылған теңіздей мол мұра жарыққа шығып отыр.
Қоғам • 16 Маусым, 2021
Қоғамның қалтарыс-бұлтарыстарында, өмірдің кейбір сәттерінде абыз ақын Қадыр Мырза Әліге жиі жүгінеміз. Көп жазған, оқығаны телегей теңіз, ой қорытуы домна пешіндей қуатты қаламгер көз алдымызға бағзыдағы абыздарды елестетеді.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Жергілікті өкілді билік: мүмкіндіктер уақыты
Жаһанда қалыптасып отырған қиындықтарға қарамастан, Қазақстан өзінің экономикалық-әлеуметтік, саяси реформаларына серпін беруге күш салу үстінде. Соның бір бағыты – қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді қарым-қатынасты жандандыру мәселесі.
Таным • 15 Маусым, 2021
«Тарих-и Рашиди» және АБЖАД есебі
Мырза Мұхаммед Хайдардың атын әлемге, жаһанға мәшһүр еткен өшпес, өлмес классикалық асыл мұрасы – «Тарих-и Рашиди».
Білім • 15 Маусым, 2021
МАНИЛА/БАНГКОК. Коронавирус пандемиясының жалғасып жатқанына екінші жыл болғандықтан, мектептерді қауіпсіз түрде қайта ашу кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Мектепке бару балалардың білімі мен өмірлік ұстанымын қалыптастыруда өте өзекті. Оқу орындарын ұзақ мерзімге жабу балалар үшін де, қоғам үшін де қиынға соғып, оның салдарымен күресуі қымбатқа түседі.
Әлем • 15 Маусым, 2021
Олимпиада өткізудің мақсаты не?
НЬЮ-ЙОРК. Дзюдодан Олимпиада жүлдегері және Жапония Олимпиада комитетінің атқарушы мүшесі Каори Ямагучи таңғаларлық мәлімдеме жасады. Әсіресе Олимпиада комитетінің ресми өкілінің мұндай пікірі – күтпеген оқиға. Оның айтуынша, Жапония пандемия кезінде биылғы ойындарды өткізуге қырын қарап отыр. «Олимпиада не үшін және кім үшін болады? Ойындар әлдеқашан мәнін жоғалтты. Әрі өткізу үшін ғана өткізіліп жатыр. Қазірдің өзінде бас тарту мүмкіндігін жіберіп алдық деп санаймын», деді ол.
Руханият • 15 Маусым, 2021
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың Алматыдағы музей-үйіне келушілердің назарын ерекше аударатын бір жәдігерлік бар. Ол – қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, саяхатшы, ағартушы, этнограф Шоқан Уәлихановтың бәкісі. Иә, ұшы сынған, мүжілген, жүзін тот басқан, сабы перламутрмен қапталған, сабының жоғарғы жағы металмен өрнектелген, үш жерден ұсақ шегемен бекітілген, ұзындығы 17 см, ені 1 см., көнерген кіп-кішкентай бәкі. «Бұл бәкі мұнда қалай келген?» деп сұрайды музейге келушілер.
• 15 Маусым, 2021
Алакөлге апаратын жолаушылар пойызы жолға шықты
2021 жылдың 15 маусымынан бастап «Алматы - Достық» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына 2 рет жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Үржар өңірін табиғаттың анық бояуы деуге әбден болады. Бір жағы жазиралы дала болса, енді бір жағы көкжиекке көлденең түсіп жатқан Тарбағатай асулары. Осы Тарбағатай сілемдерінде жабайы алма ормандары бар. Аталған ормандардағы жабайы алма ағаштарының жеміс түйінін піскен мерзімде жеуге болады.