Қоғам • 10 Шілде, 2020
Әлем елдерін әбігерге салған қауіпті індетпен біз де бетпе-бет келдік. Елдегі жағдайдың күрт өршігені белгілі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде вируспен күресті үдете түсетін бірқатар бастама көтерді.
Пікір • 10 Шілде, 2020
Бұл індет еңсемізді баса алмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуінде айтылған бастамаларды толық қолдаймын. Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды.
Руханият • 10 Шілде, 2020
Қажет сөздер уақытында айтылды
Баршамыз хабардар болғанымыздай, Мемлекет басшысы өте орынды үндеу жолдады. Қазіргі ахуалға қатысты талдау жасалып, олқылықтар мен қажет шаралар тізілді.
Пікір • 10 Шілде, 2020
Әлем күтпеген індетпен халқымыз бетпе-бет келгенде барлық сала абдырап, тосырқап қалғаны рас. Жаһанның алдында тұрған күрмеуі қиын сынақ елді дүрліктіріп, ауыр жағдайларға алып келгені өкінішті болып отыр.
Қоғам • 10 Шілде, 2020
Елдегі қазіргі күрделі жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа үндеу жариялауы аса маңызды деп есептеймін. Өйткені осындай қиын кезеңде Президенттің әр сөзі – көңілге медеу. Оның үстіне пандемияның одан әрі тарамауына байланысты нақты тапсырмалар берді.
Пікір • 10 Шілде, 2020
Гендерлік теңдік: Мемлекеттік қызметтің маңызды буыны
Адами ойлау жүйесінде Рабиндранат Тагордың: «Әйел бір қолымен сәбиін, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөзі қазір тағылымдық қағидаға айналып кетті. Өйткені ӘЙЕЛ-АНА тек өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймайды, сол ұрпақтың бақытты өмірін қамтамасыз етуге қажеттінің бәріне тікелей араласады. Адамзат тарихында бірде-бір дәуірлік өзгеріс, бірде-бір шешуші оқиға ӘЙЕЛ-АНАНЫ айналып өтпегені белгілі. Демек, гендерлік саясаттың тамыры тереңде, ол қазіргі заманның мұрат-мүддесімен ғана шектелмейді. Өмір талаптарымен, қоғамдық даму заңдылықтарымен біте қайнаса отырып, өзінің тұтас болмысын айқындайды. Қазақ елінің, тәуелсіз Қазақстанның гендерлік саясаты да, әртүрлі атаумен, әртүрлі шарықтау, іркілістерімен, осындай заңдылықтар аясында қалыптасты.
Пікір • 10 Шілде, 2020
Дәл қазір керегі – үрейге берілмеу!
Наурыз айында жарияланған төтенше жағдай мен алғашқы карантин кезеңі індетке қарсы шараларды шұғыл қолға алып, шетелдік тәжірибелерді ескеріп, көзге көрінбес жауды сақадай сай отырып қарсы алуға керекті алтын уақыт еді.
Руханият • 10 Шілде, 2020
Өлшеніп берілген ғұмыр деген осы екен. Ұлт руханиятының саңлағы, аты-жөні музыка әлемімен біте қайнасқан үлкен тұлға Кеңес ағамыздың да уақыты жетіпті. Қабырғалы қалың елі оның есімін ұмытпайтынын, сондай-ақ осы уақытқа дейін тыңдармандардың жүрегін әлдилеп келген әдемі әуендерінің де халықпен бірге жасаса беретінін ойлап, дәтке қуат етеміз.
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Амандыққа ештеңе жетпейді – Нұртөре Жүсіп
"Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа телевизиялық үндеу жасады. Мемлекет басшысы қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайдың өте күрделі екендігін атап өтті", деп Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп пікір білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Дана Нұржігіт: Індетпен күресте дәл қазір керегі - үрейге берілмеу
"Наурыз айында жарияланған төтенше жағдай мен алғашқы карантин індетке қарсы шараларды шұғыл қолға алып, шет елдік тәжірибелерді ескеріп, көзге көрінбес жауды жауды сақадай сай отырып қарсы алуға керекті алтын уақыт еді. Өкінішке қарай, бүгінгі жағдай отандық денсаулық сақтау жүйесі берілген уақытты тиімді пайдалана алмағанын көрсетіп отыр. Президент індеттің алғашқы күнінен бастап ең ауыр сценарийге дайын отыруымыз керек демеді ме?!", дейді Сенат депутаты Дана Нұржігіт.