Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алматы облысында қосымша 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынады
Облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Биылғы жылдың 6 айында олар 300 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсеткен. 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шақырулар саны 2 есеге өскен. Бұл жайлы бүгін облыс әкімінің орынбасары атыржан Байжұманов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Шілде, 2020
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алматы облысында 3 мыңнан астам медицина қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге үстемақы алды
Үш айдың ішінде облыстағы 3 мыңнан астам медицина қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге көлемінде бекітілген үстемақыларын алды. Сол сияқты жергілікті бюджет есебінен 1023 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 137 млн теңге сыйақы берілді. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Президент • 08 Шілде, 2020
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдайды
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында хабарлады.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Әблязовтың тағы бір сыбайласы сотталды
Халықаралық іздеуден өз еркімен келген М.К. Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық топтағы тағы бір сыбайласы Марат Әуесқановқа қатысты Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Спорт • 08 Шілде, 2020
59 жастағы әйел адам пауэрлифтингпен айналысады
Маңғыстау облысында "Шектеусіз спорт" жобасы жүзеге асырылады, оның шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пауэрлифтинг секциясы жұмыс істейді.
Үкімет • 08 Шілде, 2020
Ел бюджетінің тиімді орындалғаны маңызды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2020 жылғы 22 маусымдағы № 44-VІ ҚРП қаулысымен 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есебі (бұдан әрі – Есеп комитетінің есебі) бекітілді. Жұртшылыққа кеңінен және қолжетімді ақпарат беру қажеттілігін ескере отырып, Есеп комитеті есебінің негізгі ережелерін (Үкіметтің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қысқаша қорытынды) назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Қоғам • 08 Шілде, 2020
Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі жанында жастарға азаматтық-патриоттық, эстетикалық-экологиялық тәрбие беріп, салауатты өмір салтын насихаттайтын пәндік үйірмелерге 800-ге жуық студент мүше.
Экономика • 08 Шілде, 2020
Алматы облысының Райымбек ауданында Сарыбастау деген елді мекен бар. Нарынқол өңірі – түгін тартсаң майы шыққан бай өлке, табиғаты әсем таулы жер. Ат бауырынан шөп келетін, малға ыңғайлы аймақ. Осы Райымбек ауданында Нарынқолдың өзімен қосқанда жиырмаға тарта ауыл бар десек, соның ең географиялық орналасуы ыңғайсыз, шаруаға қолайсыз, табиғаты қалған ауылдармен салыстырғанда сұрықсыздауы осы Сарыбастау ауылы. Таудан жырақ орналасқандықтан, отын алыстан тасымалданады, су тапшы. Тоқсаныншы жылдары Қытай, Моңғолиядан оралған қандастарымыздың ешқайсысы Сарыбастауға қоныстанбауы да – соның анық айғағы.
Елбасы • 08 Шілде, 2020
Елбасымыздың 80 жылдық мерейтойына орай елорда күні қарсаңында «Egemen Qazaqstan» басылымында жарық көрген профессор М.Қасымбековтің «Көшбасшы феномені» мақаласында Тұңғыш Президент тұлғасының тұтас ауқымы мен тереңдігі, оның Мемлекет басшысы ретінде мемлекеттің қалыптасуына ықпал етуі жан-жақты талданып, зерделенген. Мақалада Елбасының көшбасшылық қасиеттеріне талдау жүргізу арқылы ұлттың рухын ояту, мемлекеттілікті жаңғырту миссиясын толық орындаудағы шешімдері жан-жақты қарастырылады.