Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Руханият • 22 Мамыр, 2020

Зағип жандарға кітап оқып берді

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көз нұрынан айырылған адамдар үшін тек өмір әйнегі мен білім бұлағы ғана емес, қарым-қатынас орталығы. Кітапханада интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, сөйлейтін кітап, DAISY сандық негізде дыбыстандырылған ақпарат жүйесіндегі тифлология кабинеті, зағиптардың жазуға арналған құралдарымен жабдықталған. Зағип жандар осындай дыбысталған кітаптардың көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ көптеген кітап Луи Брайльдің жүйесі бойынша бедерлі-нүкте әріптерімен дайындалған. Зағип жандар кітаптағы бедерлі нүктелерді саусақ ұшымен сезіну арқылы оқиды.

Абай • 22 Мамыр, 2020

Абайтану – ХХI ғасыр көгінде

(Жалғасы. Басы 97-нөмірде) Абайтану саласында ғылыми-зерт­теу ісімен айналысатын Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер инс­ти­тутының абайтану бөлімі, Абай атын­дағы ұлттық педагогикалық уни­вер­ситетінде ашылған абайтану ғылы­ми-зерттеу орталығы, Әл-Фараби атын­дағы ұлттық университетіндегі абай­тану ғылыми-зерттеу институты және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан облыстық университетіндегі жаңа­дан ашылған Немат Келімбетов атын­да­ғы гуманитарлық ғылыми-зерттеу инс­ти­ту­тындағы абайтану тобы, т.б. зерттеу орта­лықтары баршылық. Бірақ бұлар бір-бірі­мен байланысы жоқ, не істеп жатқаны беймәлім бытыраңқы күйде келе жатыр. Бытыраған сайын күш бөлінеді. Бағыт-бағдар беруге біреуі де ұмтылмайды.

Тарих • 22 Мамыр, 2020

Бір әулеттің тағдыры

Большевиктердің қисынсыз революциялық қайта құруларының кесірінен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының әжептәуір бөлігі Қазақстаннан басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Біздің отбасымыз, менің аталарым мен ата-анам осы қасіретті басынан өткізді. Олар Ресеймен шекаралас өңірде тұрғандықтан елдегі заңсыздық пен дүрбелең басылғанша бала-шағасын аман сақтау үшін Сібірге бас сауғалады...

Саясат • 22 Мамыр, 2020

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы неде?

Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тілі. Тіл – әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз деп түсінген абзал. Бұл мәселеге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та айрықша мән беріп отырғаны белгілі.

Қоғам • 21 Мамыр, 2020

Қазақстанда карантин жағдайында көктемгі әскерге шақыру өтіп жатыр

Қазақстанда мерзімді әскерге шақырудың көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Жергілікті басқару органдарында әскерге шақыру медициналық комиссиялары өз жұмысын бастады. Осы жылы шақырылушыларды қабылдау жоспары, сондай-ақ әскерге шақыруды ұйымдастыру тәртібіне төтенше жағдайларды енгізу нәтижесінде карантиндік шектеулерді сақтау және шақыру мерзімдерін өзгерту қажеттілігінен туындады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім • 21 Мамыр, 2020

Мектеп оқушыларына 22 мамырға арналған телесабақтардың кестесі

Білім және ғылым министрлігі 22 мамырда өтетін телесабақтардың кестесін жариялады.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Катардан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді

Бүгін «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 21 Мамыр, 2020

«Қазмедиа орталығында» 2 адамнан коронавирус анықталды

18-20 мамыр аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы телеарнаның 200-ге жуық қызметкері Covid-19-ға тексерілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Оңтүстікте шегірткенің таралу ошағы анықталды

Қазақстанда Мароккалық шегірткенің алғашқы таралу ошақтары анықталды деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Президент • 21 Мамыр, 2020

Президент мамандандырылған мекемелерге қатысты заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.