Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Жұмыспен қамту жол картасы аясында жұмысқа орналасу үшін қайда жүгіну керек?

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында 15 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Павлодар облысы: Адамдарға қарсы оқ атуға бұйырған полицей жұмыстан шеттетілді

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Қалқаман ауылы маңындағы жылжымалы блок-бекетке ауыл тұрғындары келіп, шикізат - «микросфераны» құжатсыз алып өтуге бола ма деп сұрап, оған рұқсат етілмейтіндігі туралы жауап алады. Нәтижесінде 13 мамырда осыған наразы Береке ауылының 30-ға жуық тұрғыны келеді.

Үкімет • 14 Мамыр, 2020

Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің 2019 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі алдын-ала бекітілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

18 мамыр күні «Күмістің мәңгілік сәулесі» атты виртуалды көрме өтеді

18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтар топтамасынан  «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесін ұсынады. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» баспаөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Төлеби ауданы: Қасқасу ауылындағы көпір қалпына келтіріліп жатыр (видео)

13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 үйді және 15 үй ауласын су басты. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Қазақстанда бос жұмыс орындары көп салалар

Кәсіби топтар бөлінісінде жалпы елімізде кәсіби мамандар – 36,6 мың бос жұмыс орны, қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері – 21,2 мың бос жұмыс орны, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіптер өнеркәсібінің жұмысшылары – 19,5 мың бос жұмыс орнымен аса сұранысқа ие. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 14 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда карантин жағдайында мейрамханаларды ашуға дайындық қалай жүруде

Нұр-Сұлтанда әкімдіктің мобильді тобы СЭС қызметкерлерімен бірлесіп, кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға дайындығын тексерді. Сапар барысында олар СОСО, қонақ үйлер, базарлар, мейрамханаларды аралады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Еңбек нарығы: Бос жұмыс орындары мен түйіндемелер саны артты

Карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстанда еңбек нарығының жандануына әкелді. Бүгінде Электронды еңбек биржасының базасында 125,4 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 14 Мамыр, 2020

А. Мамин Ақмола облысында егіс науқанының жүргізілу барысын тексерді

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Ақмола облысында көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Министр Қазақстанда қолданылатын вакциналардың сертификаттаудан қалай өтетінін айтып берді

Елжан Біртанов әрбір вакцинаның қауіпсіздігін анықтау үшін бірнеше сатыдан тұратын тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Министр атап өткендей, бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір заң осындай ашық әрі ауқымды талқылаудан өтпеген. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.