Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Әскерилер Мақтааралда қызмет етіп жүр

«Жұт жеті ағайынды» дейді халқымыз, әлемді және елімізді жайлаған коронавирус пандемиясы кезінде табиғаттың тосын сыйына да куә болдық. Сәуір айында теріскейдегі Қостанай өңірінде қарлы боран белең алса, шығысымызда орман өрті қаулады. Енді, міне, көрші Өзбекстанда су қоймасы жарылып, еліміздің оңтүстігіндегі Мақтаарал ауданының бірнеше елді мекенін су басты. Он күн бойы оқиға орнында жергілікті атқарушы билік, тәртіп сақшылары мен құтқарушылар аянбай еңбек етіп, тұрғындардың тезірек үйлеріне оралуына барынша жағдай жасап жатыр. Көппен бірге көмекке келгендердің арасында Ұлттық ұлан жауынгерлері де бар.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Алмалыда арақ-шарап атымен жоқ

Ұлтымызда ежелден бір рулы елдің басын біріктіріп, қандай да дау-дамайлар болса, сол ауылдың бетке ұстар аузы дуалы, от тілді, сөзінің салмағы бар ақсақалының өзі шешіп, бәрін орын-орнымен жайғастырып отырғанын жақсы білеміз.

Таным • 14 Мамыр, 2020

Фараби, Машани және Есенберлин немесе тарихи сабақтастық үлгісі

Қайтыс боларынан аз уақыт бұрын қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлин мақалаларының бірінде өзін биік деңгейге көтерген «Көшпенділер», «Алтын Орда» тарихи трилогияларын жазуға қалай келгендігі туралы қойылған сұраққа: «...ағаш биіктеген са­йын оның тамыры жерге тереңдеп бойлай береді. Адам да солай. Ол болашағын неғұрлым көп ойласа, өткенін соғұрлым көп білгісі келеді», деп жауап берген екен.

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Жамағат Алла үйін сағынып жүр

Карантин болса да Рамазан айында сауапты істер легі тоқтап қалған жоқ. Ендеше онлайн төлемдегі «Пітір садақасы» мен «Ауызашарды» ел-жұрт қалай қабылдауда?

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Кәсіпті ұйымдастыру – мемлекет ісі!

«Egemen Qazaqstanda» күні кеше басылым басшысы Дархан Қыдырәлінің «Кәсіп пен нәсіп» атты ойсаларлық мақаласы жарық көріпті.

Таным • 14 Мамыр, 2020

Даналық феномені

Адамзат баласын кемелдікке жеткізіп, өркениетке бастайтын бір ғана жол бар. Ол – білім мен ғылым жолы. Осы жолға өз өмірін арнап, артына өшпес мұра қалдырған данышпан ғалымдар аз емес. Бірақ солардың арасында бүкіл «әлемге ұстаз» дәрежесіне жеткен екі ғана ғалым бар. Соның бірі – біздің ұлы бабамыз, түрлі ғылымдардың негізін қалаушы Әбу Насыр әл-Фараби.

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Халің қалай, Марқакөл? (Қорықшы көзімен)

Иә, осы сұрақты қоятындар көп бүгінде. Сірә, Алтайдың алқасындай ғажайып мекен Марқакөлдің тағдырына алаңдайтындықтан болса керек. Балық бар ма? Марқакөлге келген жұрттың екінші қоятын сауалы – осы. Расында, көлдегі майқан (ускуч) мен хариус балығының аз-көптігі мұндағы жағдайдың анық көрсеткіші деуге болады. Алайда қазір көл басынан қармақ салған бес, әрі кетсе 10 адамды ғана көресіз. Бұлар – көл жағалауында, қорғалатын аумақта тұратын жергілікті тұрғындар. Қазір балық аулауға лицензия тек соларға ғана беріледі. Көлден он шақырым алыста тұратын адамның балық аулауға құқы жоқ.

Таным • 14 Мамыр, 2020

Тарбағатайды көргісі келетін турист көп

Еліміздің шығысында Қытаймен шектесетін Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатайға, қар кетіп, жаз шыға келетін жұрттың қатары жыл сайын көбейе түсуде. Осыдан кейін кез келген адамның ойында осы өлкенің туристерді көп тартатын не сыры бар деген сұрақ туындайтыны анық. Көне Тарбағатайды зерттеуге алғаш рет арнайы экспедиция ұйымдастырылғанына да міне, жиырма жылға жуық уақыт өтіпті.

Саясат • 14 Мамыр, 2020

Темір жол қатынасы ашылады

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов­тың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешім қабылданды.  

Руханият • 14 Мамыр, 2020

Шеберлікті шегінен асырған шандоз (Театр және кино өнерінің ғажайып суреткері Нұрмұхан Жантөрин туралы баян)

(Соңы. Басы 92-нөмірде) Әйгілі актердің ойға тұнған филосо­фия­лық образдарына, абстракциялық құбылысқа жан бітірген динамикалық жойқын қуатына таңғалмасқа болмайды. Сөз арасында айта кетейік, түркілерге іші бұрып, «Древние тюрки», «Древняя Русь и Великая степь», «Гунны» деген тамаша ғылыми-тарихи очерктер жаз­ған, өзінің қыпшақ тегін жасырмайтын Лев Гумилев марқұм дүниеден өтер­ден екі жыл бұрын радиодан берген сұх­батында қазақтарға қарата: «Мен бүкіл өмірімді сіздердің тарихтарыңызды қайта тірілтуге, соны қорғауға арнап едім, шовинистер мені арадай талап жат­қан­да сіздер бір ауыз ілтипат білдіруге жара­мадыңыздар», деп өкпелеген екен.