Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24591 материал табылды

Руханият • 02 Наурыз, 2021

Бөрте ханым

Бөрте ханым – әлемді билеген әйгілі Шыңғыс қағанның сүйікті жары, сенімді серігі әрі дана кеңесшісі. Ұлы қағанның атының тұяғы жетіп, құлашы қармаған күллі империясын мұрагерлікпен билеген осы Бөрте ханымнан туған төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле. Бір ханға сүйікті жар, төрт ханға қадірлі ана болған Бөртедей арудың қасиет-қадірі ерекше. Сондықтан да оның есімі ұлы қағанмен қатар аталып, мерейі үстем болды.

Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Қара шаңырақтың қасиеті

«Көп түрік енші алысып тарасқанда,Қа­зақ­та қара шаңырақ қалған жоқ па?», деген жыр жасыны Мағжан Жұмабаевтың бұл екі жолының түп тамырында – әлім­сақтан келе жатқан тек тірегіміз, ұлттық жү­рек лүпілі жатқаны анық. Түркі дү­ние­сі қара шаңырақ деп таныған бүгінгі Қазақ елін, әлемнің қырықтан аса мемлекетінде тарыдай шашылып жүрген қандастарымыз да құт мекені санайды. Олар осы қасиетті қара шаңырағына арқа тіреп, басын сүйеп, бүкіл өмірін біте қайнастыру жолындағы ұмтылысын күн-түн ой-санасынан шығармай отырғаны да ақиқат.

Қоғам • 02 Наурыз, 2021

«Сарыжайлау» қайта шарықтайды

Бүгінде Өзбекстанның құрамындағы Қарақалпақ Республикасында 500 мыңнан аса қандасымыз тұрады. Қазақтар бүгінде респуб­лика халқының үштен біріне жуық, яғни 30 пайызы. Қарақалпақстандағы қазақтардың төл мәдениетіне, әдебиетіне деген құштарлығы Кеңес Одағының тұсында да атажұрттағы ағайыннан әсте кем түспейтін. Алматыдан шығатын ана тіліндегі газет-журналға жазылудан Бесқала өңірі қазақстандық кейбір облыстардан әлдеқайда жоғары-тұғын.

Тарих • 02 Наурыз, 2021

Тәкен жазған аштық

Көшеде қай заманғы екені белгісіз, ірік-шірік бір дәу қара томар жататын. Үстінде жасы қаншаға келгені белгісіз, беті бұжыр-бұжыр бір дәу қара кемпір отыратын. Томар-кемпір қолындағы таяғымен жерді нығарлай шұқығанда, тура желкемнен нұқығандай еңкейіп кететінмін.

Руханият • 02 Наурыз, 2021

Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...

Ғылым дегеніміздің өзі бір-бірімен кейде қиғаш түсіп, кейде қиюласып жатқан пікірлер мен пайымдаулар қақтығысы екені рас.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті

Ел тәуелсіздік алған 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты. 

Руханият • 01 Наурыз, 2021

Ректор эталоны

Мың жолдың ішінен тура жолды таңдау – кездейсоқ тапқырлық немесе сәуегейлік емес. Бұл – адамның болмысы мен тілегінің, мінезі мен тағдырының үйлесуіне қатысты тылсым дүние. Осы ретте ақиқатты темірқазық ету дос пен дұшпанды айыруға көмектеседі.

Руханият • 01 Наурыз, 2021

Өзгеге ұқсамайтын өмір

Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Америка инженер-механиктер қоғамының мүшесі, механизмдер мен машиналар теориясы және робот-техникалар жүйесі механикасының әлемдік деңгейдегі маманы, бес рет Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланған Өмірбек Жолдасбековтің тұла бойы тұнып тұрған дарын еді.

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады

Жасым 32-де, ұлтым – удмурт, анам – қазақ. Қазір әке-шешем Шұбарқұдықта тұрады, өзімнің отбасым бар. Темір ауданындағы №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебін бітірген соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне дизайн мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны жақсы бітірдім. Диплом алған соң осы оқу орнында бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша қосымша білім алдым.

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Айналамызға мейірім төгіп жүрейік

Алғыс айту күні – біздің мемлекет үшін айтулы мерекелердің бірі. Өйткені біз бұл мереке арқылы өзіміздің Отанға деген сүйіс­пен­шілігімізді, ортамызға, ата-ана, ағайын-туыс, бауыр­ла­ры­мызға, барша отандастарымызға деген құрметімізді біл­ді­ре­міз.

Яндекс.Метрика