Руханият • 07 Мамыр, 2020
Майданда қан кешкен «Халық жауының» балалары
Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ тарихындағы бір қасіретті кезең еді. Олай дейтініміз соғыс жылдарында қаншама қазақ қайғы-қасірет кешті. Бұл соғысқа «халық жауының» балалары да қатысты. Олардың соғысқа сұранғандағы бар мақсаты жазықсыз жапа шегіп, атылып кеткен әкелерін ақтау болатын.
Руханият • 07 Мамыр, 2020
«Социалистік Қазақстанның» барша қызметкерлері біріміз қалмай редакциядағы кең бөлмеге – кітапханаға жиналдық. Әркімнің жүзінен бұған дейінгі күндердегідей жайраңдаған қуаныш нышаны емес, ызғарлы ызбар еседі. Отан тағдырын ойлаған уайым табы сезіледі. Бұл жиын жоспарлы жиналыс немесе күн сайынғы лездеме емес еді. Бізді редактор, партия ұйымының хатшысы шақырған жоқ. Жұрт өздігінен жиналған. Күн жексенбі, 1941 жылдың 22 маусымы. Әлгінде ғана радиодан өте суық хабар естігенбіз. Фашистік Германия сүйікті Отанымызға опасыздықпен тап берді.
Таным • 07 Мамыр, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыстың айтулы қаһарманы, әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Ердің ері!» деп бағалаған Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтің майдан көгіндегі айрықша төрт тарихи ерлігін қайта жаңғыртып көрсек.
Қоғам • 07 Мамыр, 2020
Отанын шексіз сүйетін, туған жерін көзінің қарашығындай қадірлейтін сарбаздар барда ел армиясы ешқашан биігінен аласармайды. Жыл санап қару-жарақ түрлері, қажетті құрал-жабдықтар қатары жаңарып, жетілдірілу үстінде. Бұл – Жоғарғы Бас Қолбасшы-Қазақстан Президентінің ел қауіпсіздігіне деген ерекше көзқарасын аңғартып тұр.
Қоғам • 07 Мамыр, 2020
Егемен еліміздің Қарулы Күштерін дамыту мен жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қомақты қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан Қазақстан әскерінің айбыны қашанда жоғары болады деп сенеміз.
Руханият • 07 Мамыр, 2020
Әлеуметтік жағдайымыз да әлеуетті
Қорғанысы мықты мемлекеттің тәуелсіздігі де баянды болмақ. Әскери қызметте жүріп осыған көзім жетті. Бағзы бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған атамекенді қорғау парызы енді бүгінгі ұрпақтың үлесінде тұр.
Руханият • 07 Мамыр, 2020
ұрметті бауырлар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әр азаматтың патриоттық сезімін оятатын, Отанды қорғау жауапкершілігін арттыратын маңызды мереке. Әр отбасына береке, әскери саладағы ұландарымызға мықты жігер, жастарымызға қажыр-қайрат тілеймін. Мереке құтты болсын! Мереке тек тойлаумен өлшенбейді. Ойлау – ел игілігі жолында қадам жасаудың алғышарты. Көрнекті ақын Мұхаметқали (Мұқағали) Мақатаевтың: «Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Не тындырдың «басымды иемменен?» – деп ой тастауы тегін емес.
Таным • 07 Мамыр, 2020
Дәуірдің сипаттамасын беруде жеке тұлғаның жүріп өткен жолы мен өмірі ерекше орынға ие. Жеке тұлға өзі өмір сүрген кезеңмен тығыз байланыста болғандықтан, оны дәуірінен бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да дәуір тынысын айғақтайтын тарихи құжаттардың қайнар көзі архивтегі сан қырлы деректер ғылыми айналымға түсіп, көпшілік назарына жиі салынып отыруы тиіс.
Қоғам • 07 Мамыр, 2020
Қарулы Күштер қатарындағы қаракөздер
XX-XXI ғасырлар тоғысында әскери қызметші әйел немесе сарбаз әйел сияқты кәсіптің болуы ешкімді таңғалдырмайды. Қазақ қоғамында әйелдер ежелден-ақ ерлермен қатар қиын және ауыр кезеңдерде қолына қару алып ел мен жерді қорғаған. Қазақстандық мыңдаған арудың Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында ерлікпен шайқасқаны, тылда аянбай қайсарлықпен еңбек еткені осының айғағы.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері әскери атақ пен наградалармен марапатталды
Отан қорғаушылар күні қарсаңында еліміздің қауіпсіздігін және бейбіт азаматтарды қорғауда тұрған адамдардың еңбегі атап өтілді. Өзінің күнделікті жауынгерлік еңбегімен Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын және Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосқандар кезекті әскери атақтар, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.