Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Саясат • 29 Сәуір, 2020

Қазақстан әлеуметтік мемлекет екенін көрсетті

Індет қаупі төніп тұрған қазіргі қысылтаяң шақта елдігіміз бен бірлігіміз сыналып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен осынау сын сағатта халықтың қауіпсіздігін ғана емес, елдің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған кешенді іс-шаралар қолға алынды.

Саясат • 29 Сәуір, 2020

Сараланған салмақты сөз

Елбасымыз Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ел көлеміндегі төтенше жағдай кезінде атқарылып жатқан қыруар жұмыстар сараланды.

Руханият • 29 Сәуір, 2020

Өмірі өзін өзі алдаумен өтіп жатыр...

Күнделікті өміріміздің бір бөл­шегіне айналған әлеуметтік желі­нің пайдасы мен зияны туралы бір­талай сын-пікір айтылып та жатыр. Шынтуайтына келгенде, онсыз өмі­ріміздің мән-маңызы жоғалғандай. Бүгінгі таңда танымал әнші жұлдыздар, психолог-коучтер, бизнес-тренерлер өзінің семинар-сабақ­тарын Instagram желісінде жарнамалап, айналымға түсіруде. «Ебін тапқан екі асар» деген осы болса керек-ті. Үйдегі күй­бең тіршіліктің иіріміне түсіп кеткен аналарымыз бен қыз-келіншектердің қолы босай қалса семинар-сабақтарға қатысып, кейде бір күнінің төрттен бір бөлігін осыған арнайды. Әрине бұл тек қала төңірегінде ғана... Дегенмен де психология саласын меңгермесе де психолог мамандардың нанын тауып жүрген жандар қаншама. Аттарын дардай қылып айтпасақ та көпшілікке мәлім.

Таным • 29 Сәуір, 2020

Амандасудың мәні неде?

Мен біраз уақыт шетелде тұрдым. Бірнеше мем­лекеттің өмір сүру салтымен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Қазір де шетелге жиі шығып тұрамын. Сонда байқағаным, әр елдің заңмен айқындалған ішкі өмір сүру тәртібі болатыны секілді, кез келген халықтың өзіне тән амандасу дағдысы да бар.

Руханият • 29 Сәуір, 2020

Қолға су құйып, бата алсаң...

Бала тәрбиесіне барынша мән-маңыз берген бабаларымыз ұлттық тәрбиенің озық үлгісін қалыптастырып, оны ұрпақ бойына сіңірудің тиімді жолдарын көрсеткені белгілі. Ұйықтауға жатқан сәбиді бесік жырымен әлдилеп, сол арқылы атадан қалған асыл мұра – ана тіліміздің қасиетін ұғындыра бастау керегін көрегендікпен айтқан. Оған «тәрбие тал бесіктен басталады» деген тағылымды сөзін де қосыңыз.

Қоғам • 29 Сәуір, 2020

Көмектің игілігін көріп жатырмыз

Мен тігіншілікпен айналысамын. Елімізде Төтенше жағдай жария­лан­ғаннан бері жұмысым тоқтап қалды. Аудандық ауруханада жұмыс істеген жолдасым да жұмыссыз қалды. Оны ақысыз демалысқа жіберді.

Коронавирус • 29 Сәуір, 2020

Үздік жобалар Үкіметке ұсынылады

«Стоп-Коронавирус» онлайн-бай­қауының нәтижелері бойын­ша бірқатар жоба қазылар алқа­сы­ның ең жоғары баға­ла­рына ие болды: ДНҚ гендерінің топтамасын құру, реагенттер жиынтығын алу, вирусты анықтаудың жо­ға­ры сезімтал жүйесін жасау, ауру­дың әртүрлі деңгейіндегі диаг­ностика тәсілдерін пайда­ла­ну, вирусқа қарсы препаратты әзірлеу, биоыдырайтын ма­те­риалдан қолды қорғау құрал­да­рын жасау, қазақстандық диа­­томитті пайдалана отырып рес­пираторлық маскаларды жа­сау және коронавирустың ауыр түр­лерін емдеу барысында биоме­дици­налық жасушалық өнім­ді қолдану.

Таным • 29 Сәуір, 2020

Алаш туралы пьесаның авторы

1918 жылы Алаш автономиясының өмірінен алынып жазылған «Мұрат үшін майдан» атты тұңғыш Алаш пьесасының авторы Мұхтизар Титақов кім? Бұл бір нысаналы тағдыр.

Руханият • 29 Сәуір, 2020

Бар күшіміз – бірлікте

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызға арнаған мәлімдемесінде төтенше жағдай кезеңінде халыққа көрсетілген қамқорлық шараларын атап өтіп, мемлекет өз азаматтарын назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Сонымен бірге төтенше жағдай режімін 11 мамырға дейін созды. Десе де сақтық шараларын қатаң сақтауды жалғастыру қажет екенін жеткізді.

Тарих • 29 Сәуір, 2020

Батыр Балапанов

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталғандар Кеңес Одағының Батыры атағына теңестірілетін. Кеңес Одағы бойынша мұндай марапатқа 2671 жауынгер ие болыпты. Белгілі бір себептермен өзіне тиесілі марапатты ала алмай қалғандар да бар. Аралдық жауынгер Нағыметулла Балапановтың өмірі осы сөзімізге толық дәлел.