Руханият • 23 Сәуір, 2020
Бүгін – халықаралық кітап және авторлық құқық күні
Сәуірдің жиырма үшінші жұлдызы – күллі ғаламның кітапсүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке. Дәл осы дата 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген. Биыл әлем жұртшылығы үшін маңызды дата коронавирус індетімен тұспа-тұс келді. Жаппай тойлау мен түрлі көрмелер, ғылыми конференциялар ұйымдастыруға шектеу қойылғанымен, кітап оқуға, сана жаңғыртуға, рухани толысуға ешкім тоқтау салып жатқан жоқ.
Абай • 23 Сәуір, 2020
Жандар Асан: «Өткеннің арты, жаңаның басы...»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ұлт әдебиеті мен мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге тың серпін береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, һәкімнің мерейтойы тойлау үшін емес, ой-өрісіміз мен таным деңгейімізді кеңейтіп, отандастарымыздың рухани тұрғыдан дамуына ұйытқы болмақ.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2020
Бүгін Ренат Гайсин, Диная және Батыржан Тазабеков онлайн өнер көрсетеді
Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Ренат Гайсин, Диная және Батыржан Тазабеков онлайн концерт өткізеді.
Қоғам • 23 Сәуір, 2020
23 сәуірге арналған ауа райы болжамы
23 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қоғам • 23 Сәуір, 2020
Былтыр желтоқсан айында жұмыстан қысқарып қалған едім. Сәуір айында бір мекеме «келіңіз, қабылдаймыз» дегеніне қуанып жүргенде мынадай жағдайға тап болдық.
Кино • 23 Сәуір, 2020
Кино өнері әртүрлі бағытта дамиды. Аудиторияның сұранысы мен қабылдау деңгейі әртүрлі. Режиссерлердің дүниетанымы бөлек. Әр идеяның өзіндік атқаратын миссиясы бар. Әрбір жанрдың өзінің өрлеу кезеңі болады. Бірін дамытып, бірін тежеуге болмайды.
Қоғам • 23 Сәуір, 2020
Жақсылық жасаудан жарысып жатқандай
Карантин біздің шаңыраққа да күтпеген жерден келді. «Көппен көрген ұлы той» ғой деп, барынша дайындалдық. Ең басты уайымымыз – мектеп жасындағы алты баланы қашықтан оқу мәселесі еді.
Экономика • 23 Сәуір, 2020
Мұнай дағдарысынан қандай сабақ алған жөн?
Әлем экономикасын ХХ ғасырда түбегейлі өзгертіп, адамзат тарихының соңғы 100 жылында тұғырлы орынды меншіктеген, энергияның қайнар көзіне айналған мұнай осыған дейін стратегиялық ресурс санатында болғаны даусыз. Әйгілі Дэниел Ергин айтқандай: «қазіргі таңда мұнай – тек экономикаға арналған бетте ғана емес, сонымен қатар газет-журналдардың бірінші бетінде де талқыланатын бірден-бір өнім. Мұнай бұрынғысынша жеке адамдар үшін де, фирмалар үшін де және барлық елдер үшін де игілік көзі болып қала береді».
Руханият • 23 Сәуір, 2020
Кейде: «Бұл кісіні жақсы танимыз, оның өмір жолынан хабарымыз мол», деген адамдардың өзінің арасынан олардың тағдырында біз көп біле бермейтін қызық жайттардың кездесіп қалатыны бар. Сондай оқиғаның нақты көрінісіне Жеңістің 45 жылдығы қарсаңында көрнекті ғалым Серғали Толыбековтың Қазақ телевизиясындағы бір хабарға қатысқан әңгімесінде куә болған едік.
Таным • 23 Сәуір, 2020
«Кедей сөзі» – «Бостандық туы» немесе Мағжан Жұмабаевтың жүз жыл бұрын жазғандары
1919 жылғы 10 шілдеде Ресей федеративтік республикасының үкіметі өлкені әскери-азаматтық тұрғыда басқаруды жүзеге асыра отырып, болашақ Қазақ республикасын құруға дайындық жасайтын Қазақ революциялық комитетін құрды. Қазревком билігінің қарамағына Астрахан губерниясындағы қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары берілді.