Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Саясат • 23 Сәуір, 2020

Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар қатары көбейіп келеді

Үкімет эпидемиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр.

Руханият • 23 Сәуір, 2020

Қош келдің, айлардың сұлтаны!

Барлық мақтау мен мадақ Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Әуелі сіз бен бізді қасиетті Рамазанға айдан аман, жылдан есен жеткізген Жаратушы Жаббар Иемізге шүкір айтамыз. Алла Елшісінің «Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр» деп дұға етуінде үлкен мән бар.  

Абай • 23 Сәуір, 2020

Заманының көрнекті оқырманы

1885 жылдың жазында Семейге америкалық журналист Джордж Кеннан келіпті. Бұл туралы мен оның «Сибирь и ссылка» деп аталатын екі томдық кітабынан оқып білдім. Ол Ресей түрмелері мен айдауда жүрген адамдардың тіршілігін зерттеу мақсатында Сібірге саяхат жасаған. Губернатор америкалыққа түрмені көрсетіп болған соң қаладағы кітапханаға соғуды ұсынады. Семейдегі кітапхана бұдан екі жыл бұрын ғана революционерлердің атсалысуымен ашылған екен.

Руханият • 23 Сәуір, 2020

Абайды ардақтаған Абдусаттор

Қазақ-тәжік халықтарының арасындағы достық қарым-қатынастың тамыры тым тереңде жатыр. Оған екі елге ортақ мәдени жәдігерлер мен ауыз әдебиеті үлгілері дәлел бола алады. Тәжік-қазақ достық қоғамының төрағасы, профессор Абдусаттор (Абсаттор) Нұралиев елу екі жыл бойы қазақ-тәжік халықтарының арасындағы достық қарым-қатынас пен әдеби байланысты зерттеп, әсіресе ұлы Абай мен Шығыс әдебиетінің арақатынасына ерекше ден қойып зерттеп жүрген жалғыз ғалым еді. Биыл 21 наурызда дүниеден өтті.

Руханият • 23 Сәуір, 2020

Жан-жүрегіммен сезініп отырмын

Мен ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулілер санатындағы адаммын. Бүгінгідей бүкіл әлемге қауіп төндірген, бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған ауыр кезеңді көруді маңдайымызға жазған екен. «Көппен көрген ұлы той» деген халық даналығын қаперімізге түйіп, ақыл мен сабырды тең ұстай білсек, нәубеті көп бұл зауалды да еңсеріп, көп кешікпей шат-шадыман шуақты күндермен қауышатын сәтке жетерміз деген үмітімізді үкілеп отырған жайымыз бар.

Руханият • 23 Сәуір, 2020

«Балаларға тарту» бәрімізді қуантты

Жұқпалы індет қаупі ел ішін әбігерге салды. Карантинге байланыс­ты жұмыс уақыты қысқарып, базардағы сауда-саттық тоқтады. Адамдардың табысы азайды. Бұл сынақ біз сияқты көп балалы отбасыларға да салмақ болып түсіп тұр.

Әлем • 22 Сәуір, 2020

Өзбекстан мен Түркия президенттері телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Шымкентте тіркелген 28 науқас ауырғандармен байланысқан

Вирус жұқтырған 28 азаматтың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

Спорт • 22 Сәуір, 2020

«Астана» баскетбол клубының ойыншысы ВТБ лигасында ондыққа енді

Баскетболдан біріккен ВТБ мерзімінен бұрын аяқталса да, жанкүйерлерге қызықты матчтар сыйлады. Турнирдің ресми сайты чемпионатта жарқын ойынымен көзге түскен спортшылардың есімін атады деп жазады Olympic.kz. 

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында масалар, мүк және басқа да жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекция жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Мамандар бірнеше бағытты қамтыды. Олар су қоймалары мен жертөлелерді өңдеп жатыр. Жұмысқа 150-ден астам адам қатысып, ондаған техника жұмылдырылды.