Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19821 материал табылды

Қоғам • 04 Ақпан, 2020

Елордада ертең боран мен көктайғақ болуы мүмкін

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне байланысты елордалықтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина • 04 Ақпан, 2020

Ұшу алдында экипаж мүшелері медициналық тексерістен өтеді

Коронавирустық инфекцияға қатысты әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты және Қазақстанда инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында ұшу құрамының, кабина экипажының мүшелері ерекше өкімге дейін міндетті түрде ұшу алдындағы медициналық тексеруден өтуі қажет. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экология • 04 Ақпан, 2020

Үш облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Көкшетау, Түркістан және Ақмола облыстарында ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

Цифрландыру жобалары халықтың тұрмыс жағдайын көтере ме?

Әкімдіктермен 5 негізгі және 6 қосымша бағытта цифрландыру жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

200 кәсіпорын мен фермаларда 230-дан астам цифрлық жоба енгізіледі

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысын баяндады.

Қоғам • 04 Ақпан, 2020

Елорда әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуіне қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 04 Ақпан, 2020

«Саннан сапаға өтуіміз керек»: Б. Сапарбаев МЖӘ жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев министрліктердің басшылары мен облыстар әкімдіктерінің қатысуымен әлеуметтік салада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 04 Ақпан, 2020

Сұңғат Есімханов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы Қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

600 бейнекамера Қазақстан тасжолдарын тәулік бойы бақылайды

Ақылы жолдарда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жоба аясында биыл еліміздің тасжолдарында бейнебақылау камералары орнатыла бастайды. Жалпылай алғанда, еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында 600 бейнебақылау камерасы орнатылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 04 Ақпан, 2020

Диас Ахметшәріп жаңа лауазымға тағайындалды

Диас Ахметшәріп Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.