Қоғам • 19 Наурыз, 2020
Елімізде тағы бір науқас тіркелді
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Бағдарламалар • 19 Наурыз, 2020
Ұлттық конкурс туралы жария хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
Қоғам • 19 Наурыз, 2020
Қос қалаға кіру мен шығуды шектеу туралы
Бүгін, яғни 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруін/шығуын шектеу келесі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды:
Елбасы • 19 Наурыз, 2020
Осыдан бір жыл бұрын, 20 наурызда «Қазақстан» арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбатқа шақырған болатын. Әңгіменің тақырыбы соның алдында ғана, яғни 2019 жылдың 19 наурызында, сағат 19:00-де жария етілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына Үндеуі еді. YouTube cақтап қалған сол сұхбатта журналистің: «Дәл қазіргі сәтте Қазақ елі қобалжулы. Хабарды сіз қалай қабылдадыңыз?» деген сұрағына: «Хабарды демократиялық, құқықтық мемлекетке тән, заңды, қисынды шешім ретінде қабылдадым. Жалпы, Елбасымыздың қандай шешімі де көкейге қонатын, жан-жақты ойластырылған шешім болатындығы анық», деп жауап қайтарылыпты.
Қоғам • 19 Наурыз, 2020
COVID-19: сақтану жолдары қандай?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирусқа байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. ДДҰ соңғы дерегіне сүйенсек, эпидемия 151 елге таралып, 167 511 адам ауру жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 6600-ден асты. Пандемияға айналған вирустан әсіресе кәрі құрлықтағы Италия, Испания, Франция сынды елдер қатты зардап шегіп жатыр.
Экономика • 19 Наурыз, 2020
«ҚазТрансГаз» сақтық шараларын қабылдады
Коронавирус инфекциясының (COVID-19) пандемия деп жариялауына байланысты және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде Төтенше жағдай режімін жариялауына орай «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы бірқатар алдын алу шараларын қабылдады.
Парламент • 19 Наурыз, 2020
Бір күндік еңбекақыларын аударды
Мәжілісмендер бір күндік еңбекақыларын коронавирусқа қарсы күреске аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Елбасы • 19 Наурыз, 2020
Өкілеттігін тоқтатса да халықпен байланысын үзбеді
Былтыр барлығымыз Елбасының Президенттік өкілеттігін тоқтатқанына куә болдық. Бір жыл көп уақыт емес. Дегенмен Нұрсұлтан Назарбаев сол бір жылдың ішінде мемлекеттің беделін арттыра түсетін көп келіссөздер мен кездесулер өткізді, іссапарларға барды. Күні кеше Ресей астанасы Мәскеудегі сапарының жемісті өткенін, Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры «Мәскеу университетінің Жұлдызы» жоғары наградасымен марапаттағанын көрдік.
Елбасы • 19 Наурыз, 2020
Қазақ халқы Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсады. Сол үшін күресті. Осы бір игі арман, ұлы мақсатына бағытталар үміті мен сенімінен айныған жоқ. Аллаға шүкір, үздіге күткен үмітіміз ақталды. Аңсаған асыл арманымыз орындалды. Қайғысыз, қасіретсіз Тәуелсіздігіміз өз қолымызға тиді.
Елбасы • 19 Наурыз, 2020
Елінің бағына туған ерен тұлға
Осыдан тура бір жыл бұрын, 19 наурызда ел тарихындағы аса маңызды тағдыршешті шешім қабылданды. Алаштың аманатын арқалаған Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз ықтиярымен өкілеттігін тоқтатып, бейбіт билік транзитін жүзеге асыру арқылы мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі алмағайып заманда жас мемлекеттің шаңырағын көтеріп, аз уақыттың ішінде төрткүл дүниенің төріне шығарған Елбасының бұл шешімін әлемдік қоғамдастық зор ілтипатпен қабылдап, жоғары бағалаған болатын. Біз бүгін осы тарихи күнге орай елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ел ағаларының ой-толғамдарын зерделі оқырманның назарына ұсынып отырмыз.