Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Спорт • 21 Ақпан, 2020

Dusseldorf Grand Slam 2020: Дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Бүгін дзюдодан Дюссельдорфта (Германия) ерлер мен әйелдер арасында әлемдік Grand Slam  жарысы басталады. Olympic.kz жарыстың бірінші күнінде татамиге шығатын қазақстандық дзюдошылар тізімін жариялады.

Парламент • 21 Ақпан, 2020

Туризм – табыс көзі

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы­ғымен туризмге қатысты заң жобасы талқыланды. Палата Спикерінің пікірінше туризм елдің экономикалық өсуінің жаңа драйверіне айналуы керек, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Руханият • 21 Ақпан, 2020

Күніне бір жақсылық жаса!

Волонтер жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен айдарланған жылдың несібесі де, жаңалығы да мол болатын сыңайлы. Волонтерлердің «Біргеміз!» республикалық фронт-кеңсесін ашқан Мемлекет басшысы: «Отанды сүю дегеніміз айғайшыл ұрандар мен құрғақ сөздер емес, бұл күн­делікті еңбек ету, соның ішінде жан қалауы бойынша қайырымды іс­термен халықтың игілігіне еңбек ету» деп анық айтты.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Шәкірттері бірінші орынды берген емес

Түркістан облысының Созақ ауданындағы «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясы информатика пәнінің мұғалімі Роман Қадырқұлов бір кездері «Құдай қаласа, зейнеткерлікке шыққанша, қырық жыл бойы сабақ бере жүріп, жылына осы саланы терең меңгерген бір шәкірт тәрбиелеп, қырық жылда 40 шәкірт тәрбиелеп шығамын» деген мақсат қойған екен.

Руханият • 21 Ақпан, 2020

Алматы, 1921 жыл, 8 маусым

Алматыдағы ең жайлы уақыт мамыр-маусым айлары. Күн аса ыси қоймайды, таудағы қар да тақыр-таза еріп кетпейді. Қазір жауған жаңбырдың суы жерге қазір сіңіп кетіп жатады. Күннің қызуымен таудың салқын лебі араласып, барша табиғат хош иісті қоңыржай ауаға молынан кенеледі.

Таным • 21 Ақпан, 2020

Әлихан Бөкейхан: Санкт-Петербург және Самара іздері

«Ұлытау-2019» халықаралық туризм форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан есімін халық жадында қалдыру мәселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы керек» деп атап өтті. Сол тарихи тұлғаның тікелей ұрпағы Әлихан Бөкейханов туралы кейінгі жылдары аз жазылған жоқ. Десек те, ол кісінің Санкт-Петербургте оқу кезеңі, Самарадағы өмір жолы әдебиеттерде мол қамтылмай, мұрағат құжаттарының жеткіліксіздігі әлихантануда сұрақтар туғызып отырғаны да ақиқат. Осы ақтаңдақты жою мақсатында біз аталған қалаларда болып, біраз тың деректерді тапқан едік. Оларды осы тақырыпты зерделеп жүрген ғалымдарға, жас ізденушілерге ұсынған болатынмын. Бүгін оны барша оқырмандарға ұсынуды жөн көріп отырмын.

Руханият • 21 Ақпан, 2020

Солтүстік шұғыласы

Бүгін қазақ баспасөзінің тарихында ойып алар орны бар «Солтүстік Қазақстан» газеті жайлы ой толғаудың орайы келіп тұр. Енді санаулы күндерден кейін іргесін Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ғаббас Тоғжанов, Бекмұхамет Серкебаев (әйгілі әнші Ермек Серкебаевтың әкесі) сынды Алаштың ардақтылары қалаған, небір айтулы тұлғалардың қолтаңбасы қалған басылым абыз жастың биігіне көтеріліп, жаңа ғасыр беттерін парақтай бастайды. Олай болса нақ бүгін газетіміздің әрлі-берлі тарихын тағы бір зерделеу еш артық емес.

Экономика • 21 Ақпан, 2020

Жапон иені: кеше және бүгін

Жапонияның ақша бірлігі иен – әлемдегі негізгі резервтік валютаның бірі. Жапон ақшасын бейнелейтін «эн» иереоглифі «дөңгелек» деген мағынаны білдіреді. Бұл елдің тарихында иенге дейін де бірнеше валюта болған. Ерте заманда алтын және күміс ақшаны пайдаланған. Ежелгі дәуірде Күншығыс елі вадоукайхоу деген ақшаны қолданған. Қазіргі жапон аралдарынан вадоукайхоуға дейін пайдаланылған мумонгинсэн, фухонсэн деген ақша түрлері де табылды.

Тағайындау • 20 Ақпан, 2020

Премьер-Министр Кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Арыстан Қабыкенов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тағайындау • 20 Ақпан, 2020

Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясына жаңа басшы сайланды

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде «Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс есептік сайлау отырысы өтті.