Коронавирус • 18 Наурыз, 2020
Түркияда коронавирустан қайтыс болған алғашқы жағдай тіркелді
Түркияда коронавирус жұқтырған 89 жастағы науқас қайтыс болды. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2020
«Қазақтелеком» дәрігерлерге интернетті тегін таратады
«Қазақтелеком» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 5000-нан астам медицина қызметкерлеріне тегін ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз етуге бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Қазақтелеком» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 18 Наурыз, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 18 Наурыз, 2020
Омбыда қазақ тілін үйрететін екінші онлайн сынып ашылды
Омбы қаласында «Отандастар қорының» қолдауымен «Қазақ тілін онлайн оқыту» сыныбы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға жергілікті Білім департаментінің, Омбы қаласындағы ҚР Консулдығының және Қазақ мәдени орталығының өкілдері қатысты.
Қоғам • 18 Наурыз, 2020
Медициналық-әлеуметтік мекемелер карантинге жабылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қамқорлықтағы адамдардың егде адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге, сондай-ақ уақытша болу ұйымдарына баруына тыйым салады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Наурыз, 2020
Үлкен Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін
Қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен Алматы су алабында 18 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 18 Наурыз, 2020
Коронавирус: Қырғызстанда алғашқы үш жағдай тіркелді
Қырғызстанда коронавирус жұқтырған алғашқы 3 науқас белгілі болды. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді.
Қоғам • 18 Наурыз, 2020
Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері карантиндік шараларды қамтамасыз етуге қатысады
Президент жанындағы Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында осы жылдың 17 наурызының қорытындысымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілді. Ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасына сәйкес Қазақстан армиясы аталмыш шараға тартылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кімдерге кіруге немесе шығуға шектеу енгізілмейді?
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруіне немесе шығуына шектеу келесі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды. Бұл туралы «ҚазақстанТемірЖолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай: ForteBank несие төлеуде жеңілдіктер ұсынады
ForteBank қиын жағдайдағы клиенттеріне қолдау көрсету мақсатында және Үкімет пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын ескере отырып, жеке тұлғаларға клиенттердің өтініштері негізінде несиелік міндеттемелерді 90 күнге дейін кешіктіруге болатынын хабарлайды.