Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру және цифрландыру жүргізіледі

2020 жылдан бастап орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. 1 қаңтардан бастап 4 орталық мемлекеттік органда (Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, ИИДМ, АШМ) және 5 жергілікті атқарушы органда (Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай және Қызылорда облыстарының әкімдіктері) мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Мемлекеттік сатып алулардың бәсекеге қабілеттілігі артады

Президент осыған дейін мемлекеттік сатып алулардың 75%-ы бәсекесіз іске асырылып келгенін, шенеуніктер мен делдалдарды пайдаға кенелтіп отырған бұл табыс көзін жабу қажеттігін айтқан болатын. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу үшін нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс берушілердің оны қайтадан өткізу міндеті белгіленді. Бұл бір көзден сатып алуды қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады

Мемлекет басшысы өзінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында: «Елбасы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алулар үдерісін ретке келтіру мәселесіне ерекше мән берді. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды оңтайландырумен айналысып жатыр, бірақ заңнамалық сипаттағы шаралар қажет» деген болатын. Сонымен қатар Президент мемлекеттік сатып алулардан түсетін қаржы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалу керектігін айтқан еді. Мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру процесі қалай жүргізіліп жатыр? Оларды жетілдіру шаралары қалай іске асырылуда? Мемлекеттік сатып алулар жүйесінің ашықтығы мен бәсекелестігін арттыру және басқа да жаңашылдықтар туралы айтылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кино • 20 Ақпан, 2020

Тағы жеті голливудтық фильм қазақ тілінде көрсетілетін болады

Елордада 2020 жылы кинотеатрларда қазақ тілінде шығатын Disney студиясының картиналары жарияланды. Әлемдік киностудиялардың қазақ тілінде көрсетілген фильмдерінің жинағына осы жылы тағы 7 жарқын премьера қосылады. 

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

«Егеменнің» басшысы – «Рухани жаңғыру» елшісі

«Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасының амбассадоры атанды.

Қоғам • 20 Ақпан, 2020

Beeline жұмыс үдерісін оңтайландыру тәжірибесімен бөлісті

Beeline мен ScrumTrek компаниясы әртүрлі саладағы Agile әдістемесіне қатысты конференция өткізді. Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан жиналған сарапшылар өз тәжірибелерін бөлісіп, нарықтың әртүрлі саласында Agile жұмысының қағидаларын қолдану мүмкіндігін талқылады, бизнес-икемділікке деген эволюциялық қадамдарды таныстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 20 Ақпан, 2020

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды

Бүгін Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Қазақ дикторларының анасы» атанған Зұлқия Мұқанқызын ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

ИИДМ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өтеді

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлерде іске асырылуы онлайн-трансляция форматында талқыланды

14 ақпан күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өңірлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша онлайн-трансляция форматында кеңес өткізді.

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Еңбекмині мен БҒМ Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу туралы уағдаласты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) базасында жаңа кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері бойынша кеңеске қатысты, оның қорытындысы бойынша Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) енгізу мәселелерінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.